ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕСАРЫҚ АУЫЛЫНЫҢ БЕРЕКЕЛІ ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Желтоқсан 19, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕСАРЫҚ АУЫЛЫНЫҢ БЕРЕКЕЛІ ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

18.12.2025
0
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕСАРЫҚ АУЫЛЫНЫҢ БЕРЕКЕЛІ ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевпен бірге Сырдария ауданының Бесарық ауылына барды.
Бұл ауылда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған, ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін, әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы табыстыжүзеге асуда.
«Абай Дәулет» ЖШС құрған өндірістік алаңда ауыл тұрғындарының 13 бизнес бастамасы шоғырланған. Жартылай фабрикат, пластикалық ыдыстар, ағаш бұйымдар, тоқыма, сабын, кондитерлік өнімдер өндіретін цехтар бар. Өсімдік, құс, мал шаруашылығымен, құрылыс өнімдерін шығарумен айналысатын көпсалалы компанияның өндірістік қуаты артуда.
Премьер-министр кеңесшісі «Абай-Дәулет» ЖШС бастамасы «Сыр құсы» агроөнеркәсіптік кооператив жұмысымен танысты.


Өндірістік кооператив «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында құрылып, 27,6 млн. теңге жеңілдетілген несие алған. Шағын құс фермалары (птичник) салынған. Әрқайсында Тараз қаласынан әкелінген 1500 бас бройлер балапаны (барлығы 4500 шөже) бағылады. Бройлердің ерекшелігі еттілігінде, олар 30-55 күнде сойылады және қысқа уақытта 2,0 -2,5 кг ет береді. «Сыр құсы» кооперативі былтыр 29,7 тонна құс етін, биыл 9,6 тонна өнім өндірді.
Жалпы өңірде құс шаруашылығы бағытында екі кооператив («Сыр құсы» АӨК, «Шиелі құс» АӨК) құрылып, 4 500 бас құс бағатын 6 типтік құс фермасы (птичник) жұмыс жасайды. Өткен жылы облыста 85,3 тонна тауық еті өндірілсе, оның 38,3 тоннасы, яғни 46 пайызы осы кооперативтердің үлесінде. Биыл аталған кооперативтер 46 тонна тауық етін өндіріп, ауыл тұрғындарына тиімді бағамен ұсынды.
Айта кетейік, «Абай Дәулет» ЖШС 2018 жылдан бері ауылды дамытуға 1,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Қаражат 360 орындық мектеп, 120 орындық балабақша және дәрігерлік амбулатория сияқты әлеуметтік нысандарды абаттандыруға, көгалдандыруға, жөндеуге бағытталды.
Ералы Тоғжанов ауыл халқының табысын арттыру, экономикасын жоғары көрсеткіштерге жеткізу басты міндеттердің бірі екенін айтып, Сыр өңірінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Ал, Бесарық ауылында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған жобаларды тек облыс көлемінде емес, республиканың барлық өңірлеріне тарату қажеттігін айтты. ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕСАРЫҚ АУЫЛЫНЫҢ БЕРЕКЕЛІ ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевпен бірге Сырдария ауданының Бесарық ауылына барды.
Бұл ауылда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған, ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін, әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы табыстыжүзеге асуда.
«Абай Дәулет» ЖШС құрған өндірістік алаңда ауыл тұрғындарының 13 бизнес бастамасы шоғырланған. Жартылай фабрикат, пластикалық ыдыстар, ағаш бұйымдар, тоқыма, сабын, кондитерлік өнімдер өндіретін цехтар бар. Өсімдік, құс, мал шаруашылығымен, құрылыс өнімдерін шығарумен айналысатын көпсалалы компанияның өндірістік қуаты артуда.
Премьер-министр кеңесшісі «Абай-Дәулет» ЖШС бастамасы «Сыр құсы» агроөнеркәсіптік кооператив жұмысымен танысты.
Өндірістік кооператив «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында құрылып, 27,6 млн. теңге жеңілдетілген несие алған. Шағын құс фермалары (птичник) салынған. Әрқайсында Тараз қаласынан әкелінген 1500 бас бройлер балапаны (барлығы 4500 шөже) бағылады. Бройлердің ерекшелігі еттілігінде, олар 30-55 күнде сойылады және қысқа уақытта 2,0 -2,5 кг ет береді. «Сыр құсы» кооперативі былтыр 29,7 тонна құс етін, биыл 9,6 тонна өнім өндірді.
Жалпы өңірде құс шаруашылығы бағытында екі кооператив («Сыр құсы» АӨК, «Шиелі құс» АӨК) құрылып, 4 500 бас құс бағатын 6 типтік құс фермасы (птичник) жұмыс жасайды. Өткен жылы облыста 85,3 тонна тауық еті өндірілсе, оның 38,3 тоннасы, яғни 46 пайызы осы кооперативтердің үлесінде. Биыл аталған кооперативтер 46 тонна тауық етін өндіріп, ауыл тұрғындарына тиімді бағамен ұсынды.
Айта кетейік, «Абай Дәулет» ЖШС 2018 жылдан бері ауылды дамытуға 1,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Қаражат 360 орындық мектеп, 120 орындық балабақша және дәрігерлік амбулатория сияқты әлеуметтік нысандарды абаттандыруға, көгалдандыруға, жөндеуге бағытталды.
Ералы Тоғжанов ауыл халқының табысын арттыру, экономикасын жоғары көрсеткіштерге жеткізу басты міндеттердің бірі екенін айтып, Сыр өңірінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Ал, Бесарық ауылында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған жобаларды тек облыс көлемінде емес, республиканың барлық өңірлеріне тарату қажеттігін айтты.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ҚЫЗЫЛОРДАДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ӨҢІРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.