ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МӘМС ЕСЕБІНЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЕҢ КҮРДЕЛІ ӘРІ ҚЫМБАТ ТОП-10 ОПЕРАЦИЯНЫ АТАП ӨТТІ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Желтоқсан 19, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МӘМС ЕСЕБІНЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЕҢ КҮРДЕЛІ ӘРІ ҚЫМБАТ ТОП-10 ОПЕРАЦИЯНЫ АТАП ӨТТІ

19.12.2025
0
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МӘМС ЕСЕБІНЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЕҢ КҮРДЕЛІ ӘРІ ҚЫМБАТ ТОП-10 ОПЕРАЦИЯНЫ АТАП ӨТТІ

Ай сайын МӘМС қаражаты есебінен сақтандырылған қазақстандықтарға жоғары технологияларды қолдана отырып, бірнеше мың қымбат операция жасалады. Мұндай медициналық қызметтердің құны 1 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейін жетеді.

Біз 2025 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында қазақстандық дәрігерлер жүргізген ең күрделі әрі қымбат 10 операцияны жинақтадық.

Орал қаласында пациентке кардиовертер-дефибриллятор орнатылып, өмірі сақталды

Николай Макрушин ұзақ жылдар бойы жүрек соғысының күрт өзгеруінен зардап шеккен: бірде пульсі минутына 160-қа дейін көтерілсе, бірде 40-қа дейін төмендеген. «Жүрегім кеудемнен шығып кететіндей болатын, аптасына үш рет жедел жәрдем шақыратынмын», – деп еске алады ол.
Батыс Қазақстан облыстық кардиологиялық орталығында оған қарыншалардың жұмысын синхрондайтын және кенеттен болатын өлімнен қорғайтын үш камералы кардиовертер-дефибриллятор орнатылды. Кардиохирург Талғат Серікұлының айтуынша, бұл құрылғы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін аса маңызды.
Операциядан кейін аритмия ұстамалары тоқтап, Николай өзін жақсы сезіне бастады. Барлық медициналық көмек МӘМС бойынша тегін көрсетілді.

Талдықорғанда жамбас буынының ескі эндопротезі ауыстырылды

31 жастағы пациент облыстық ауруханаға 18 жыл бұрын орнатылған эндопротезден кейінгі асқынулармен жүгінген. Хирургтер ревизиялық эндопротездеу жасап, ескі протезді буынның тұрақтылығы мен ұзақ қызметін қамтамасыз ететін заманауи протезге ауыстырды.
Ревизиялық эндопротездеу – ең күрделі операциялардың бірі. Қазіргі уақытта пациент жоспарлы оңалтудан өтіп, жағдайы жақсы. Операция мен оңалту МӘМС есебінен қамтамасыз етілді.

Қарағандыда сынған омыртқа қалпына келтірілді

73 жастағы ер адам үйінде құлап, бел омыртқасы компрессиялық сынған. №1 көпбейінді ауруханада оған тері арқылы вертебропластика жасалып, зақымданған омыртқаларға сүйек цементі енгізілді.
Бөлім меңгерушісі Ғалымбек Сайлауұлы: «Мұндай операциялар омыртқаның тірек қызметін тез қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бірнеше күннен кейін пациент тұра алады», – деп атап өтті. Емдеу МӘМС есебінен толық төленді.

Таразда балаға плагиоцефалия бойынша алғаш рет операция жасалды

Бір жасар Батырханға туа біткен бас сүйек деформациясы диагнозы қойылды. Дәрігерлер арнайы пластиналарды қолдана отырып, төрт сағаттық реконструктивті операция жүргізді. Нейрохирург Мирдас Мурадовтың айтуынша, бұған дейін мұндай операциялар тек Алматы мен Астанада жасалатын.
Операциядан кейін бала белсендірек болып, алғашқы қадамдарын жасап, алғашқы сөздерін айта бастады. Операция МӘМС шеңберінде жүргізілді. Қымбат жоғары технологиялы көмектің өңір балаларына қолжетімді болғаны қуантады.

Қазақстанда алғаш рет аудандық ауруханада аритмологиялық операциялар жасала бастады

Еліміздегі аудандық ауруханалар арасында алғаш рет Қызылорда облысының Қазалы көпбейінді аудандық орталық ауруханасында жоғары технологиялы аритмологиялық операциялар орындалды.
Алғашқы пациенттердің қатарында 67 жастағы Кеңес Жалмағамбетов пен 65 жастағы Урзада Әбдімәлікқызы бар. Ұзақ жылдар бойы жүрек ырғағының бұзылуынан зардап шеккен пациенттерге электрокардиостимуляторлар сәтті имплантатталып, жүрек ырғағы қалыпқа келді.
Ангиографиялық жабдықты қолдана отырып, мамандар жеті операция жасады, оның ішінде кардиостимуляторды имплантаттау, радиожиілікті абляция және өкпе веналарының криоабляциясы бар. «Радиожиілікті абляцияның құны 7 млн теңгеге дейін жетеді, алайда сақтандырылған пациенттер үшін ол толықтай тегін», – деді аритмолог Қанат Алдабергенұлы.
Дәрігерлердің айтуынша, мұндай араласулар инсульт пен инфаркт қаупін едәуір төмендетеді және енді аудан деңгейінде тұрақты түрде МӘМС шеңберінде жүргізіледі.

Шымкентте бүйректі трансплантаттау жас пациентті өмірге қайта оралтты

23 жастағы ер адам ауыр бүйрек жеткіліксіздігіне шалдығып, гемодиализде болған. Донор – оның туған әпкесі. Операция 3,5 сағатқа созылып, күрделі қарсы көрсетілімдерге қарамастан сәтті өтті. Қазіргі уақытта пациент қалпына келіп, қалыпты өмірге оралуда.
Шымкентте жалпы саны 240 бүйректі трансплантаттау жасалған, барлық операциялар МӘМС есебінен төленген. Әр операцияның құны шамамен 6,5 млн теңге.

Алматы облысында есту қабілеті қалпына келтірілді

1962 жылы туған пациент құлақтан ірің ағуымен және есту қабілетінің төмендеуімен ауырған. Көпбейінді клиникалық ауруханада оған дабыл жарғағын қайта қараумен тимпанопластика жасалып, естуі 52 дБ-ден 22 дБ-ге дейін жақсарды.
Бөлім меңгерушісі Әсел Иманғалиева: «Пациент алғашқы апталардың өзінде есту қабілетінің айтарлықтай жақсарғанын байқады», – деді. Емдеу МӘМС шеңберінде жүргізілді.

Алматыда инсульт алған пациенттің өмірі жасанды интеллектінің көмегімен сақталып қалды

77 жастағы ер адамда ишемиялық инсульттан кейін тромб жедел түрде алынып тасталды. Бұл ретте RAPID жасанды интеллект жүйесі қолданылып, мидың зақымдану деңгейін бағалауға және араласу көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік берді. Бірнеше күннен кейін пациент тұрып, біртіндеп қалпына келе бастады.
Нейрохирург Айбек Тұралиев: «Уақтылы араласу мен жасанды интеллект толық сауығу мүмкіндігін арттырады», – деп атап өтті. Емдеу МӘМС есебінен толық тегін көрсетілді.

Бейнеуде лапароскопиялық операциялар қолжетімді болды

1957 жылы туған пациентке өт қабындағы тас лапароскопиялық әдіспен алынды. Операция сәтті өтіп, жағдайы тұрақты.
Бұрын мұндай операциялар үшін облыс орталығына бару қажет болатын. Қазір Маңғыстау облысының ауыл тұрғындары заманауи хирургиялық көмекті өз өңірінде, МӘМС шеңберінде тегін ала алады.

Павлодарда қан құйылудан кейін көру қабілеті қалпына келтірілді

Қант диабетінің асқынуымен түскен пациент көзге үш операция жасатты. Үшінші операциядан кейін көру қабілеті 40%-ға дейін жақсарды, ал бұған дейін мүлде көрмеген.
Бас офтальмолог Қасымхан Тілеубаевтың айтуынша, бұрын мұндай пациенттер «алтын уақытты» жоғалтып, шетелге немесе республикалық орталықтарға баруға мәжбүр болатын. Бүгінде жоғары технологиялы көмек жергілікті жерде көрсетіліп, МӘМС есебінен қамтамасыз етілуде.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

“Заң мен тәртіп” әніне түсірілген клипке 300-ге жуық адам қатысты

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.