Роман Скляр MCC International Engineering Group директорлар кеңесінің төрағасымен кездесу өткізді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Желтоқсан 31, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Роман Скляр MCC International Engineering Group директорлар кеңесінің төрағасымен кездесу өткізді

29.12.2025
0
Роман Скляр MCC International Engineering Group директорлар кеңесінің төрағасымен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанаға қытайлық компания делегациясын бастап келген Қытайдың MCC International Engineering Group Co., Ltd компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Чжу Сяофеймен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар тау-кен және металлургия өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың келешегін, сондай-ақ қытайлық инжиниринг компаниясының Қазақстан аумағындағы ірі индустриялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу мүмкіндіктерін талқылады.

Роман Скляр MCCI компаниясының жобалаудан бастап жабдықтарды жеткізуге, құрылыс жүргізуге және объектілерді пайдалануға беруге дейінгі жобаларды толық циклде жүзеге асырудағы елеулі халықаралық тәжірибесін атап өтті. Мұндай тәжірибе өндірістік қуаттарды жаңғырту және шикізат базасын дамыту жағдайында қазақстандық өнеркәсіп компаниялары үшін практикалық тұрғыдан аса маңызды.

Келіссөздер барысында Атасу ауданында темір және марганец кенін өңдейтін байыту фабрикасын салу жобасына ерекше назар аударылды. Қазақстан тарапы бұл жобаны тау-кен саласын дамытудың және ел ішінде қосылған құнды арттырудың стратегиялық маңызды элементі ретінде қарастырады.

Роман Скляр Қазақстан Үкіметінің жобаны қажетті ведомствоаралық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге және оны жүзеге асыруға байланысты мәселелерді жедел шешуге жәрдемдесуге дайын екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар MCC International Engineering Group компаниясының жобаны пысықтауға нақты қатысуы, бірлескен жұмыс тобын құру және ынтымақтастық параметрлерін айқындайтын жол картасын әзірлеу мерзімдерін келісу жөнінде уағдаласты. Сондай-ақ перспективалы тау-кен байыту жобалары бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендерін растады

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Талдықорғанда «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «BookSwap Fest: Кітаппен достас» акциясы өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

КЕҢЕЙТІЛГЕН БАСПАСӨЗ КЕЗДЕСУІ: ЖОҒАРЫ БІЛІМГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК, ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.