ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫМЕН ТАНЫСТЫ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Қаңтар 12, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

10.01.2026
0
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейдің жұмысымен және материалдық базасымен танысты.
Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев қатысты. Мектеп-лицейде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен инновациялық обсерватория, ракета модельдеу, СТЭМ, химия, биология, робототехника, математика, физика, география, тарих, бастауыш сынып кабинеттері, кітапхана, арнайы телестудия 245, 6 млн теңгеге жабдықталған болатын.
Нақтырақ айтсақ, обсерватория кабинетінде “Жұлдызды аспан” глобусы, интерактивті панель, телескопқа линзалар жинағы, күн фильтрі, бейнекамералар, планисфералар бар. Ракета модельдеу кабинеті арнайы жинақпен, ноутбуктер, шағын зертханалар, цифрлық микроскоптар, старттық құрылғылармен, СТЭМ кабинеті 3Д принтер, модельдеу жиынтықтарымен қамтамасыз етілді.
Ал, физика кабинеті электр және оптика бөлімдеріне, жаратылыстану ғылымына, молекулалық физика және термодинамикалық бөлімдерге арналған демострациялық құралдармен жабдықталды. Биология кабинетіне де жиһаздар, зертханалық құралдар, цифрлық микроскоптар, микропреператтар, ылғал препараттар, адам ағзасының модельдері берілді. Химия кабинетіне зертханалық жабдықтар, химиялық препараттар, цифрлық зертхана жинағы, демонстрациялық жұмысқа арналған жиынтықтар, телестудия, арнаулы компьютер, камералар, диодтық жарық жинағы, акустикалық құралдар, телевизор алынды. АRT-студияға гончарлық қондырғылар, сурет салуға арналған құрал-жабдықтар қойылған.
Оқу-ағарту министрі атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы міндеттерге тоқталды.
Айта кетейік, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту бағытында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
“Қазақстан халқына” қоры өңірдің әр саласына 12 млрд. 851 млн теңге қаржы бөлді.
Сондай-ақ, 2 млрд. 700 млн. теңгеге 58 мектептегі 317 пәндік кабинет жаңартылды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Өнеркәсіпке инвестициялар: «Сарыарқа» АЭА-да жаңа кәсіпорындар ашылуда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚЫЗЫЛОРДАДА «СЫР ЖАСТАРЫ» ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 100 ЖАС ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.