Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыҒылым-БілімЖаңалықтар

Он тілде еркін сөйлейтін жас полиглот Қазақстанда тұрады

11 сынып оқушысы Әсел Абдурахимова 10 тілде еркін сөйлейді. Кішкентайынан әлем тілдерін меңгеруге қызығушылық танытқан Әсел орыс, француз, ағылшын, қытай тілдерін әуелі өз бетінше интернеттен ізденіп, үйренген.

Кейін арнайы тіл курстарына қатысып, испан, өзбек, итальян және жапон тілдерін меңгереді. Әлем елдерінің мәдениеті мен тіліне қызыққан Әсел бірінші сыныпта әлем елдерінің астаналарын жатқа айтатын болды, үшінші сыныптан бастап француз тілін үйрене бастайды.

Бүгінде Әсел тәжік (ана тілі), өзбек (C1), қазақ (C1), орыс (C1), ағылшын (C2), француз (C1), қытай (B1), испан (A2), итальян (A2) және жапон (N4) тілдерінде еркін сөйлейді. Қытай тілі бойынша халықаралық HSK 3 деңгейі (B1) емтиханын тапсыруға дайындалып жүр.
«Мен жиһанкез болуды, аралаған әр елдегі адамдармен өз тілінде еркін сөйлесуді армандаймын. Әр тіл жаңа мәдениетке жол ашатын кілт іспеттес. Бұнымен тоқтап қалмаймын, алдағы уақытта араб тіліне ден қойып, БҰҰ-ның алты ресми тілін толық меңгергім келеді», – дейді жас полиглот Әсел.

 

Ұқсас жаңалықтар

Балқаш, Қапшағай, Алакөл мен Баянауылды 100 пайыз мобильді байланыспен қамтимыз – Үкімет

admin_altyalash

Мектеп оқушыларын заңға бағынатын азамат болуға және саналы түрде кәсіби жолын таңдауға ынталандырады

admin_altyalash

Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Oracle компаниясы ЖИ және «бұлтты» технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

admin_altyalash