Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚылмыс пен жаза

Жамбыл облысында тұрғыннан 43 келіден астам марихуана тәркіленді

Жамбыл облысында ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, патрульдік полиция батальоны және кинолог мамандармен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі затын тасымалдаған 56 жастағы ер адам ұсталды.

Полицейлер Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының Қордай ауылы маңында Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру кезінде қызметтік Сэм атты иттің көмегімен автокөліктің артқы орындығынан өсімдік тектес, өзіне тән иісі бар зат салынған үш ақ полиэтилен қап табылды. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 43 келіден асатын кептірілген марихуана екені анықталды.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

«Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда

admin_altyalash

Бұл – қазақстандық трансплантологияны дамытудағы және өлімнен кейінгі донорлық мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам

admin_altyalash

Елордада Құқықтық бақылау мен қоғамдық тәртіпті күшейту бойынша нақты жұмыс жүріп жатыр

admin_altyalash