ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ АУҚЫМДЫ ТІЗБЕСІ ҚҚС-ТАН БОСАТЫЛДЫ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Қаңтар 15, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ АУҚЫМДЫ ТІЗБЕСІ ҚҚС-ТАН БОСАТЫЛДЫ

13.01.2026
0
ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ АУҚЫМДЫ ТІЗБЕСІ ҚҚС-ТАН БОСАТЫЛДЫ

Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік препараттар қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуден босатылды. Тиісті шаралар дәрілік заттардың 3000-нан астам атауын қамтиды, оның 1 200 атауы орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған, сондай-ақ көтерме және бөлшек саудада сату кезінде ҚҚС-тан босатылуға жатады. Сондай-ақ сирек және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу, диагностикалау, алдын алу және оңалту бойынша медициналық қызметтерге ҚҚС салынбайды. Қосымша қосылған құн салығынан ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттарды өндіру үшін пайдаланылатын импортталатын фармацевтикалық субстанциялар босатылады. Аталған шаралар 2025 жылғы 31 желтоқсанда қабылданған «Денсаулық сақтау саласындағы қосылған құн салығынан босатудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1203 қаулысымен бекітілген және 2026 жылғы қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі шеңберінде іске асырылады. Қабылданған шешім пациенттерді қолдауға және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ медициналық ұйымдарға қаржылық жүктемені азайтуға және отандық фармацевтика саласын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Бұдан басқа, жаңа Салық кодексіне сәйкес көтерме және бөлшек сауда сегменттерінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу кезінде ҚҚС төмендетілген мөлшерлемесін қолдану көзделген. 2026 жылғы қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 5 %-ды, ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 10%-ды құрайды. Сонымен бір мезгілде Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп рецептілік дәрілік заттарды реттеу мерзімін 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Осы шараларды іске асыру денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және халықты әлеуметтік қорғауды нығайту жөніндегі кешенді мемлекеттік саясаттың бөлігі болып табылады. Өткен жылдың ортасында Денсаулық сақтау министрлігі бөлшек сауда желісіндегі дәрілік заттарға шекті бағаларды реттеу тетігін енгізгенін естеріңізге сала кетейік. Нәтижесінде бүгінде 3 780 атау бойынша дәрілік препараттардың бағасы орта есеппен 26 %-ға төмендегені тіркелді. 2025 жылы шекті бағаны бұзудың 28 фактісі анықталып, жалпы сомасы 5,7 млн теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды. Дәріханаға барған кезде дәрілік заттардың өзекті бағаларын Dari.kz мобильдік қосымшасы арқылы тексеруге болады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Астанада велотректен республикалық қысқы чемпионат өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.