«Айналдым сенен, Атамекен» гала концерті өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Қаңтар 21, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Айналдым сенен, Атамекен» гала концерті өтті

20.01.2026
0
«Айналдым сенен, Атамекен» гала концерті өтті

Ұлттық құрылтай аясында ақын Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған «Айналдым сенен, Атамекен» атты гала концерт өтті. Қызылорданың «Өнер орталығындағы» сазды кешке мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Тарихтан белгілі, 1925 жылы Ақмешітте өткен V съезде ұлтымыздың тарихи атауы қайтарылып, қала аты Қызылорда болып өзгертілді. Арада бір ғасыр өткенде Сыр өңірі ел болашағын айқындайтын ойлар тоғысқан алаңға қайта айналды. Төрт астананың орнында түлеген мекендегі V Ұлттық құрылтай жаңа тарихтың жарқын беттерін ашады.
Алқалы жиынның ән-жырдың алтын бесігі Сыр өңірінде өтуі – зор жауапкершілік әрі мәртебе. Бүгінгі концертте туған жер мен атамекенді асқақ жырына қосқан Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған әндердің орындалуы рухани сабақтастықтың үлгісі іспетті. Елімізге танымал әншілер мен жергілікті өнерпаздар ақынның патриоттық және лирикалық әндерін шырқады.
Қазақ руханиятында сөз бен саздың қос қанатындай бірін-бірі толықтырған ақын мен композитордың үндестігін Шөмішбай Сариев пен Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығынан көреміз. Сыр өңірі тумаларының қазақ өнерінің дамуына қосқан үлесі шексіз. Бірі –қазақтың жан сырын жырға айналдырған көрнекті ақын, бірі – сол жырларға жүрек сазын қосқан қазақ эстрадасының классигі, кәсіби композитор. Қос таланттың тандемі – жай ғана авторлық бірігу емес, халықтың жүрегінен шыққан сөз бен сол жүрекке ән болып қайта оралған саздың табиғи тоғысуы.
Концертте Кеңес Дүйсекеевтің әніне жазылған «Қарағым-ай, «Домбыра туралы баллада», «Сәлем саған, туған ел», «Анаға хат», «Өкінбе сен» туындылары шырқалды.
Кеш соңында Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған концерттің мәртебелі меймандарына ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның және Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың ықылас гүлі тарту етілді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Шахтер» стадионының негізгі алаңын қайта жаңарту жұмыстары биыл аяқталуы тиіс

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанның барлық автожолдарында мобильді байланыс пайда болады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.