Шахматты бұқаралық деңгейде дамытуға бағытталған маңызды бастама. – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Қаңтар 22, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Шахматты бұқаралық деңгейде дамытуға бағытталған маңызды бастама.

21.01.2026
0
Шахматты бұқаралық деңгейде дамытуға бағытталған маңызды бастама.
Түркістанда шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Дүбірлі сынға еліміздің барлық өңірінен 1052 спортшы тіркеліп, сынға түсіп жатыр. Чемпионаттың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Қасиетті Түркістан қаласына қош келідіңіздер! Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде зияткерлік спорт түрлерін, оның ішінде шахматты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта «2023-2027 жылдарға арналған шахматты дамытудың жол картасы» аясында Түркістан облысында нақты әрі нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді. Қазіргі таңда облыстағы 20 спорт мекемесінде шахматтан 97 жаттықтырушы 2 мыңнан аса спортшымен тұрақты оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде. Сонымен қатар өңірде 11 шахмат үйі ашылып, көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен саябақтарында ашық шахмат алаңдары орнатылды. Бұл – шахматты бұқаралық деңгейде дамытуға бағытталған маңызды бастама. Түркістан облысы соңғы жылдары шахматтан республикалық және халықаралық жарыстарды ұйымдастыратын орталықтардың біріне айналды. Тұрақты қолдаудың арқасында өңір шахматшыларының жетістіктері де көбеюде. Атап айтар болсақ, Асылхан Асия қарындасымыз 2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2025 жылғы Азия чемпионы атанды. Сұлтанхан Нұрислам жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды. Басқа да жас спортшыларымыз түрлі жарыстарда жеңістерімен қуантып жүр. Түркістандағы дода жаңа таланттардың ашылуына және отандық шахматтың дамуына серпін береді деп сенемін. Жарысқа қатысушыларға сәттілік, әділ ойын және жеңіс тілеймін! – деді Нұралхан Көшеров.
ҚР Шахмат федерациясының вице-президенті Марат Есенов Түркістан төріндегі жарыстың ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады. Шахмат федерациясының президенті Тимур Турловтың ыстық сәлемін жеткізіп, осы чемпионат арқылы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы жасақталатынын жеткізді.
Одан кейін облыс әкімі мен Шахмат федерациясының вице-президенті жасөспірімдер арасында топ жарып жүрген чемпиондармен бірге чемпионаттың алғашқы жүрісін жасады. Танымал чемпиондар өз қолтаңбалары қойылған шахмат тақтасын өңір басшысына салтанатты түрде тапсырды.
ҚР Шахмат федерациясы, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп жатқан чемпионат 10 күнге созылады. Атап айтқанда, ұлдар және қыздар арасында 6, 8, 10, 12, 14, 16 және 18 жасқа дейінгі санаттар бойынша классика, рапид және блиц түрлерінен медальдар сарапқа салынады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль, диплом және ақшалай сыйақылармен марапатталады. Жарыстың жлпы жүлде қоры – 15 млн 120 мың теңге. Әр жас санаты бойынша бірінші орынға – 250 мың, екінші орынға – 150 мың, үшінші орынға – 100 мың теңге тапсырылады.
Айта кетейік, 2025 жылы қазақстандық жасөспірімдер мен мектеп оқушылары әлем, Азия чемпионаттарында 122 медаль жеңіп алды (52 алтын, 32 күміс және 38 қола). Сол чемпиондар Түркістандағы чемпионатта өз мықтылықтарын дәлелдеу үшін тағы да сынға түсіп жатыр. Ел чемпиондары мен жүлдегерлері Қазақстан құрамасы сапында халықаралық додаларға қатысады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Павлодарда жаңа мектеп ашылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанның технологиялық болашағын қалыптастырудағы ҚазҰУ тәжірибесі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.