«Ауыл құтқарушылары» еріктілері: олар кімдер және қалай дайындалады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Қаңтар 22, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Ауыл құтқарушылары» еріктілері: олар кімдер және қалай дайындалады

22.01.2026
0
«Ауыл құтқарушылары» еріктілері: олар кімдер және қалай дайындалады

Ауылдық жерлерде төтенше жағдай орын алған сәттен кейінгі алғашқы минуттар шешуші рөл атқарады. Қазіргі уақытта елімізде шамамен 600 арнайы дайындықтан өткен еріктіні біріктіретін  154 «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункті жұмыс істейді. Бұл төтенше жағдай кезінде  ТЖМ-нің кәсіби күштері келгенге дейін бірінші әрекет етіп, алғашқы шараларды қабылдайтын ауыл тұрғындары.

Ведомстволық бағдарлама қатысушыларының орташа жасы  45 жасты құрайды. Ерікті пункттерге негізінен еңбекке қабілетті, өз аумағын жақсы білетін және ауылдастарының сеніміне ие тұрғындар қабылданады. Қатысу үшін жас шектеуі қойылмайды. Мұнда ең бастысы – денсаулық жағдайы, дене дайындығы және жеке ынта-жігер.

Еріктілерді іріктеу және дайындау белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі. Арнайы тәжірибе қажет емес, барлық қажетті дағдылар ведомстволық бағдарлама аясында үйретіледі. Еріктілер орта есеппен 7 күн бойы теориялық және практикалық дайындықтан өтеді, өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді, өрт болған жағдайда әрекет етуді және алғашқы дәрігерлік көмекті көрсетуді үйренеді. ТЖМ өткізетін тұрақты жаттығулар мен білімді тексеру дайындықпен қатар жүреді.

Төтенше жағдай орын алғанда еріктілер бірінші болып әрекет етеді. Олар жағдайды бағалайды, өз мүмкіндіктері шегінде өртті оқшаулау шараларын жүргізеді және азаматтық қорғау органдары берген радиобайланыс арқылы ақпарат беріп, кәсіби өрт сөндірушілерді шақырады.

Еріктілердің жүйелі дайындығы еліміздің барлық өңірінде тұрақты түрде жүргізіледі

Жетісу облысында ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері ТЖД өрт сөндіру бөлімшелерімен бірлесіп, Қаратау ауданының Алмалы ауылындағы өрт сөндіру пунктінің еріктілері үшін оқу-практикалық сабақтарын өткізді. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Тұщықұдық ауылында өрт-техникалық дайындық бойынша нормативтерді пысықтау және кәсіби тәжірибе алмасу шаралары ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстан облысында Үлкен Нарын ауданының Алтынбел ауылындағы өрт сөндіру  пунктінің еріктілері үшін сабақ өткізілді, онда шартты өртті сөндіру бойынша практикалық әрекеттерді орындады және өрт сөндіру автомобилінің арнайы жабдығымен жұмыс істеу дағдыларын пысықтады.

Мұндай іс-шараларды өткізу ауылдық жерлердегі ерікті өрт сөндіру пункттерінің төтенше жағдайларға әрекет ету дайындығын жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қарағанды облысының ЖРО мамандары оқушыларға экодәріс өткізді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Нағыз ер-азамат болу – намыс пен жауапкершілік»: Астанада әкелер слеті өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.