Сөз бостандығы – тек жеке адамның құқығы емес, мемлекеттің интеллектуалдық әлеуетін арттыратын стратегиялық ресурс – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Қаңтар 25, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Сөз бостандығы – тек жеке адамның құқығы емес, мемлекеттің интеллектуалдық әлеуетін арттыратын стратегиялық ресурс

25.01.2026
0
Сөз бостандығы – тек жеке адамның құқығы емес, мемлекеттің интеллектуалдық әлеуетін арттыратын стратегиялық ресурс

Қоғамды кемел оймен, жүйелі сөзбен, еркін пікірмен дамытудың маңызы зор. Елдің ғылымы мен мәдениеті, инновациясы мен рухани қуаты – ой еркіндігі бар ортада ғана қалыптасады. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов осындай ұсынысын жеткізді.

Оның айтуынша, шығармашылық, ғылыми және инновациялық жобаларға қолдау нақты құқықтық және институционалдық тетіктер арқылы жүзеге асуы тиіс.

«Бүгінгі таңда біз бір маңызды мәселеге бетпе-бет келіп отырмыз. Қоғамға пайдалы, салмақты, жауапты пікір айтатын азаматтардың ойы кейде тасада қалып, ал жеңіл-желпі сөздер мен жалған ақпарат тез таралып кететін жағдайлар бар. Бұл – қоғамның интеллектуалдық дамуына кері әсер ететін құбылыс. Сондықтан Конституциялық реформа аясында шығармашылық еркіндікті тек жариялап қана қоймай, оны нақты қорғайтын және қолдайтын нормаларды бекіту қажет деп есептеймін», – деп атап өткен Мұрат Әбенов бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Ең алдымен, Конституцияда сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндіктің мазмұнын нақтылап көрсету қажет екенін. Әбеновтің пікірінше, ол сын-пікір айтуға, жаңа идея ұсынуға, қоғамдық пікір білдіруге құқықтық негіз болады.

«Конституция деңгейінде зияткерлік меншік құқығын қорғауды күшейту қажет. Шығармашылық еңбек – нақты экономикалық және қоғамдық құндылық екені Конституциялық деңгейде танылуы тиіс. Сонымен қатар, мемлекет шығармашылық және ғылыми қызметке жағдай жасауға міндетті деген қағидатты бекіту маңызды. Оған қоса, қоғамдық маңызы бар ой-пікірлерді қолдайтын, сапалы контентті ынталандыратын жүйені қалыптастыру қажет. Бұл – жалған ақпаратқа қарсы күрестің де ең тиімді жолы», – деді ол.

Шығармашылық еркіндікке нақты кепілдік берілген елдерде ғылым мен мәдениет, сонымен қатар, экономика да қарқынды дамып жатқанын мысалға келтірген Мұрат Әбенов жастардың идеялары ел дамуына нақты үлес қосуы қажет екеніне тоқталды.

«Шығармашылық еркіндік пен зияткерлік меншікті қорғау Конституциялық реформаның маңызды өзегіне айналуы тиіс. Сондықтан бұл мәселе – тек құқықтық емес, елдің интеллектуалдық қауіпсіздігі мен болашағына тікелей қатысты», – деп атап өтті депутат.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстанда дін мен мемлекетті бөлуді Конституцияда нақты бекіту ұсынылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Кінәсіздік презумпциясы және өзін кінәлауға тыйым: Жаңа Конституцияға қандай нормалар ұсынылып отыр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.