ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТЕМІРЖОЛ МАҢЫН ТУРИСТІК АЙМАҚҚА АЙНАЛДЫРУ ЖОСПАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Қаңтар 26, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТЕМІРЖОЛ МАҢЫН ТУРИСТІК АЙМАҚҚА АЙНАЛДЫРУ ЖОСПАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

26.01.2026
0
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТЕМІРЖОЛ МАҢЫН ТУРИСТІК АЙМАҚҚА АЙНАЛДЫРУ ЖОСПАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласындағы теміржол вокзалы маңы мен ескі шаһар аумағын аралап, бірқатар тарихи нысандардың қазіргі жағдайымен танысты. Сапар барысында теміржол инфрақұрылымына жақын орналасқан ғимараттардың тарихи сәулетін сақтай отырып, оларды туристік әрі мәдени бағытта дамыту мәселелері қаралды.
Облыс әкімі Абылайхан көшесінде орналасқан «Жолаушылар көлігі орталық дирекциясы» ғимаратына барып, нысанның мүмкіндіктерін бағалады. Жалпы аумағы 0,35 гектарды құрайтын, көлемі 735 шаршы метр болатын бұл ғимаратта тарихи келбетті сақтай отырып, мұражай ашу жоспарлануда. Сонымен қатар келушілерге арналған дәмхана мен фудкорт орналастыру мәселесі зерделенді. Бұл жоба қалаға келген қонақтарға жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Абылайхан көшесіндегі «Бригадашылар үйі» ғимаратын да қайта жаңғыртудан өту жоспарлануда. Жалпы аумағы 0,11 гектар, көлемі 367 шаршы метр болатын нысанда теміржол саласының тарихын дәріптейтін мұражай ұйымдастырылып, келушілерге арналған шағын дәмхана ашу жоспарланған.
Тәукехан көшесінде орналасқан жергілікті маңызы бар сәулеттік нысандар кешені де назарға алынды. Жалпы аумағы 0,42 гектарды құрайтын бұл аумақта 4 ғимарат орналасқан. Оның ішінде бір ғимараттың аумағы 500 шаршы метр болса, қалған ғимараттардың жалпы көлемі 2000 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар 2500 шаршы метрлік сквер аумағы бар. Жобалық жоспарға сәйкес ғимараттардың сәулеттік бейнесі сақталып, олар мұражай ретінде пайдаланылып, теміржол тақырыбындағы скверге айналып, абаттандырылмақ.
Аталған жобалардың жүзеге асуы Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттырып, теміржол маңындағы аумақты мәдени-танымдық туристік аймаққа айналдыруға жол ашады. Тарихи мұраны сақтау мен заманауи инфрақұрылымды үйлестірген бұл бастамалар қала тұрғындары мен туристердің қызығушылығын оятады деп күтіліп отыр. Бұл бастамалар толық зерделеніп, алдағы уақытта тиісті шешім қабылданбақ.
Айта кетейік, Түркістан теміржол вокзалы – еліміздегі ең көне әрі тарихи вокзалдардың бірі. Деректер бойынша, вокзал 1904 жылы салынған. Вокзал бүкіл еліміз үшін маңызды нысанға айналып, Түркістан қаласының экономикалық дамуын жеделдете түсті. Қала аумағының кеңеюіне, жаңа қоныстардың пайда болуына, туристер санының артуына ықпал етті. Елге 120 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан вокзал мен осы аумақта орналасқан тарихи ғимараттардың архитектуралық ерекшеліктері өткен ғасырдан сыр шертеді.
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстанда 504 ауылдық елді мекен спутниктік интернетке қосылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.