Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Алматыда екі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

Жұмыс сапары аясында Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов халықаралық әуежай маңындағы бірқатар тұрғын үй кешенінің құрылыс барысын тексерді.

Тексеру барысында «Bastion» тұрғын үй кешенінің құрылысы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органдардың келісімінсіз және рұқсатсыз жүргізіліп жатқаны анықталды.

«Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, әуеайлаққа жақын аймақтарда және белгіленген күзет аумағы радиусында ғимараттардың қабатына шектеулер қойылады. Осы аймақта салынып жатқан барлық нысан тиісті келісім алуға міндетті. Мұндай құжатсыз біз құрылысты тоқтатамыз, қажет болған жағдайда сүріледі», — деді Бейбіт Шаханов.

Сондай-ақ, «Dream City Tech» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында құрылыс салушының қасбетті келісімсіз қаптай бастағаны белгілі болды.

Қала әкімінің орынбасары «Шығыс қақпасы» полиорталығындағы барлық құрылыс нысанының сәулеттік келбеті бекітілген бірыңғай тұжырымдамаға қатаң сай болуға тиіс екенін айтты.

Бұл заңбұзушылықтарға байланысты аталған нысандарда барлық құрылыс жұмысын міндетті келісім мен рұқсат алынғанға дейін тоқтату туралы шешім қабылданды.

Ұқсас жаңалықтар

Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай құрылысы басталды

admin_altyalash

40 мың жас қазақстандықты жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

admin_altyalash

Отандық Олимпиада чемпионы халықаралық аренада тәжірибесімен бөлісуде

admin_altyalash