Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Шымкентте киберполицейлер ірі интернет-алаяқтық схемасын анықтады

Полиция интернет-алаяқтыққа қарсы күресті қарқынды түрде жалғастыруда. Тұрақты жұмыс барысында қалалық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтық деректеріне қатысы бар ер адамды ұстады.

Тергеу барысында Қызылорда облысының тұрғыны “жеңіл табыс” табу мақсатында дропперлік схеманы ұйымдастырушы ретінде әрекет еткені анықталды. Ол таныстарының банк карталарын жинап, мессенджерлер арқылы үшінші тұлғаларға өткізген. Кейін бұл карталар алаяқтық схемаларда қолданылған.

Белгісіз тұлғадан түскен қоңырауға сеніп, 32 миллион теңгеден айырылған жергілікті тұрғын полицияға арызданған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында киберполицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу кезінде оның ұқсас алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Екінші жәбірленуші 6 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылған. Жалпы келтірілген шығын 40 миллион теңгеден асады.

Полиция тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Белгісіз тұлғалардың айтуымен ақша аудармаңыздар.

Ұқсас жаңалықтар

Бұл – дәстүрлі мәдениеттің бай мұрасын көрсетуге берілген үлкен мүмкіндік

admin_altyalash

Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі

admin_altyalash

Жасанды интеллект саласында білікті кадрларды даярлау және зерттеулер жүргізу қажет.

admin_altyalash