Жетісуда туризмді дамыту: биылғы жазғы маусымға дейін Балқаш көлінің жағалауында екі коммуналдық жағажай ашылады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Қаңтар 29, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Жетісуда туризмді дамыту: биылғы жазғы маусымға дейін Балқаш көлінің жағалауында екі коммуналдық жағажай ашылады

28.01.2026
0
Жетісуда туризмді дамыту: биылғы жазғы маусымға дейін Балқаш көлінің жағалауында екі коммуналдық жағажай ашылады

Жетісу облысында туризм саласын дамыту бағытында жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Осы орайда туристік әлеуеті жоғары Балқаш көлінің жағалауын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында жасаған баяндамасында айтты, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысының айтуынша, Жетісу облысының туристік дамуында 5 дестинацияға басымдық беріледі, соның бірі Балқаш көлі. Атап өтсек, 2025 жылғы жазғы маусымға дейін көл жағалауына апаратын автомобиль жолдары қатынасы толықтай қамтамасыз етілді.

– Лепсі станциясында жаңа теміржол вокзалының құрылысы биыл аяқталады. Өткен жылы Лепсі ауылынан Балқаш көліне дейін электр, ауыз су желілері тартылды. Көл жағалауында инженерлік-коммуникациялық желілерін салу аяқталу сатысында, дайындық деңгейі 90%. Биыл жобаны толық аяқтау үшін жергілікті бюджеттен қажетті қаржы бөлінді. Сонымен қатар осы жылы жазғы маусымға дейін жағалауда 2 коммуналдық жағажай салынады, – деді Б. Исабаев.

Балқаш көлі жағалауының аумақтарын тұрақты күтіп ұстауды қамтамасыз ету үшін «Балқаш Тазалық» коммуналдық кәсіпорыны құрылды. Оған жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, 21 арнайы техника сатып алынды. Еске салсақ, суда жүзу құралдарының қозғалысын бақылау мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыста Жалпы су пайдаланудың қағидалары бекітілген болатын.

Жалпы Балқаш көлінің жағалауын тиімді дамыту мақсатында Бас жоспар мен жағалау аймағын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді. Аталған құжаттар аясында өңірде көл жағалауын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жағалауда қажетті инженерлік инфрақұрылымның құрылысы толық аяқталғаннан кейін өңір әкімдігі тарапынан заманауи демалыс аймақтарын салу үшін инвесторларды тарту жұмыстары жүргізілетін болады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Елімізде “Қауіпсіз аула” профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ЮНЕСКО ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.