Еуропа тәжірибесіне сүйенсек, Құрылтайда 500-600 депутат болар еді. Біз басқа жолды таңдадық – Елнұр Бейсенбаев – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Қаңтар 30, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Еуропа тәжірибесіне сүйенсек, Құрылтайда 500-600 депутат болар еді. Біз басқа жолды таңдадық – Елнұр Бейсенбаев

29.01.2026
0

Жаңа Парламент құрарда артық шығындар мен процедуралық тығырықтан бас тарттық – Елнұр Бейсенбаев

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Конституциялық комиссияның V отырысында жаңа Парламентті құрудың үш маңызды аспектісі туралы айтып берді және Құрылтай мен Халық Кеңесі қызметтерінің ара-жігін айқындап берді.

Депутат Конституцияны абстрактілі ұғымдармен көмкеріп, тым күрделіндіріп жібермеу маңызды екенін атап өтті. Конституция – теория емес. Ол – нақты ережелер жиынтығы. Мемлекет күнделікті соған сүйеніп жұмыс істейді, шешімдер қабылдайды, халықтың әл-ауқаты қамтамасыз етіледі.

«Ал Құрылтай ықшам әрі ұтымды болады. Конституциялық комиссия қосымша бюджеттік шығындарға жол бермеуді барынша ескерген. Бұл – өте маңызды қадам, қоғамға берілген нақты ишара. Яғни біз «тек билік үшін көбірек билік қалыптастырудан» бойды аулақ салдық. Егер парламентарийлер санын стандартты еуропалық формулаға сүйеніп, халықтың саны немесе аумақтық қағидат бойынша есептесек, Құрылтайда 500-600 депутат болар еді. Әлемде ондай тәжірибе бар. Бірақ Комиссия саналы түрде басқа жолды таңдады − депутат санын көбейтпей, керісінше, оңтайландырды», – деді Елнұр Бейсенбаев.

Екінші аспект – процедуралық тығырықтан және биліктің шамадан тыс қат-қабат болуынан бас тарту. Әлемдік тәжірибе үлкен парламент − әрдайым қуатты парламент бола бермейтінін көрсеткен. Көбіне ол заң шығару ісін тежейді.

Мәселен ұзақ уақыт бойы Италия парламенті Еуропадағы ең ауқымды парламенттердің бірі болды (төменгі палатада 630 депутат). Бұл апатты бюрократияға әкеліп, заңдардың қабылдануын бірнеше жылға созған. Нәтижесінде 2020 жылы бұл ел батыл қадам жасап, депутаттардың үштен бір бөлігін (400-ге дейін) қысқартты.

«Ұлыбританияда Қауымдар палатасында 650 адам, ал Лордтар палатасында 800-ден астам мүше бар. Соның салдарынан әлеуметтік маңызы бар заңдар палаталар арасында 20 реттен астам кері қайтарылған. Бұл алып механизмді қалайда жұмыс істету үшін үкімет пікірталасқа шектеу қоюға мәжбүр. Дәл осы себепті Мемлекет басшысы депутаттар санының шамадан тыс көбеюін орынсыз деп атады. Нақты регламенті бар және заңдар үш оқылымда қаралатын бірпалаталы Құрылтай – шексіз мақұлдаулардан, кулуардағы компромистерден және жауапкершіліктің бұлыңғырлануынан саналы түрде бас тарту», – деді Мәжіліс депутаты.

Үшінші аспект – Халық кеңесінің қайталаушы емес, теңгерімді сақтайтын институт ретіндегі рөлі. Халық Кеңесі Құрылтайдың баламасы емес және онымен бәсекеге түспейді. Ол – тұрақты қызмет ететін консультативтік орган, мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір.

«Халық Кеңесінің өкілеттігі конституциялық заңда нақты белгіленеді. Кеңес өзі қалаған кезде жиналмайды, әрі тағы бір Парламентке айналмайды. Оның міндеті – қоғамның талап-тілегін жинақтау, ішкі саясат, қоғамдық келісім, ұлттық бірлік пен құндылықтар мәселелерінде ұсыныстар тұжырымдау. Халық кеңесінің Құрылтайға заң жобаларын ұсыну, республикалық референдумға бастамашы болу құқығына ие болды. Осылайша, біз әр құрылымның өз рөлін нақты айқындауға қол жеткіземіз. Яғни, Құрылтай – шешім қабылдайды және саяси жауапкершілік арқалайды. Халық кеңесі – қоғамдық сұраныс пен күн тәртібін қалыптастырады», – деді Елнұр Бейсенбаев.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ел болашағы үшін айрықша маңызға ие Конституциялық реформаны бүкіл жұрт болып пысықтап жатырмыз – Бақтықожа Ізмұхамбетов

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ата Заңға стратегиялық бағдар: ғылыми еркіндік Конституция деңгейінде бекітілуі мүмкін

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.