Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Ұландықтар тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолын кесті

Ақтөбеде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолы кесілді.

Ақтөбе қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының “Батыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің алдын алды.

Оқиға Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 мекеменің тексеру бөлмесінде болған.

Сәлемдемені рентген қондырғысы арқылы тексеру барысында тыйым салынған заттар анықталды. Бұл бағытта ҚАЖД қызметкерлерімен бірлескен Айзат Құрмашев пен кинолог-маман Азат Ахуновтың қырағылығы, жоғары кәсібилігі және үйлесімді іс-қимылы өз нәтижесін берді.

Тексеру кезінде модем-роутер, портативті акустикалық колонка, үш зарядтау құрылғысы, сондай-ақ флеш-жинақтағыш тәркіленді. Сәлемдемені жолдаған азамат ұсталып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әрі қарай тексеру үшін тиісті органдарға тапсырылды.

Айта кетейік, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы ҚАЖД органдарымен бірлесіп, мекемелерге тыйым салынған заттардың жеткізілу арналарының жолын кесу бағытында жүйелі әрі мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

admin_altyalash

Вакцина алғандар да маска тағуға міндетті – Айжан Есмағамбетова

admin_altyalash

АУЫЛ ХАЛҚЫНА ӨНІМ ӨҢДЕУГЕ,  САТУҒА ҚАНДАЙ МҮМКІНДІК БЕРІЛЕДІ?

admin_altyalash