Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСаясат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды

Пәкістанның шекарасына енгеннен бастап Әскери әуе күштерінің ұшақтары Қазақстан Президенті мінген бортпен қапталдасып ұшты.
Мемлекет басшысын Исламабад әуежайында Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды

Мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп, зеңбіректен 21 мәрте оқ атылды.

Сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның туларын ұстаған балалар Қасым-Жомарт Тоқаевқа қошемет көрсетті.

Ертең жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Жақсылық ағамыздың осы қаладағы спорттық жолы – өңіріміздің спорт тарихындағы маңызды кезең

admin_altyalash

Әр мерекеде ұлттық әндерді шырқап келеді

admin_altyalash

Көшбасшылық бағдарлама бойынша 300-ден астам ҮЕҰ басшылары дайындалды

admin_altyalash