Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Ақпан 6, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі

05.02.2026
0
Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі

Бүгін елордада студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары мен белсенді жастардың қатысуымен «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында диалог алаңы өтті. Жиынның басты нәтижесі ретінде қатысушы жастар еліміздің Негізгі Заңына енгізілетін өзгерістерді толықтай қолдап, арнайы мәлімдеме жасады. «Ауыл» партиясының Орталық аппаратында өткен басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған саяси жаңғырулардың қорытынды кезеңі – жаңа Конституция жобасы кеңінен талқыланды.                                                                                              Жиынды ашқан «Ауыл» партиясы Орталық аппарат басшысының орынбасары Нұрхат Ораш жаңа құжаттың идеологиялық маңызына тоқталды. Оның айтуынша, Конституция жобасы «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» тұжырымдамаларын заңдық деңгейде бекітеді.  «Бұл құжат – жай ғана құқықтық ережелер жинағы емес, бұл – «Әділетті Қазақстанның» жаңа философиясы. Жаңа Конституцияда вице-президент институтын енгізу және Құрылтайдың жаңа архитектурасын қалыптастыру – билік сабақтастығы мен ұлттық басқару дәстүрінің заманауи үйлесімі», – деп атап өтті Н. Ораш.  Диалог алаңында тек талқылау ғана емес, жастардың саяси ұстанымы нақтыланды. Еуразия ұлттық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және Қазақ ұлттық спорт университетінің студенттік көшбасшылары реформаларға қатысты өз көзқарастарын білдірді.   Жиынға қатысушы студенттік ұйымдардың лидерлері мен белсенді жастар Конституцияның жаңа жобасын толықтай қолдайтындықтарын білдірді. Көшбасшылар бұл реформаны елдің демократиялық бағытын айқындайтын және азаматтық қоғамды нығайтатын тарихи қадам ретінде бағалады. Студенттер атап өткендей, жаңа Конституция адам капиталына, білім мен инновацияға басымдық бере отырып, жас буын үшін жаңа әлеуметтік лифтілер мен құқықтық кепілдіктер ашады.                                          Сарапшылар мен саясаттанушылар Д. Прімбетов, Е. Елемес реформа аясындағы бір палаталы Парламент пен партиялық жүйенің жандануы саяси мәдениетті жаңа деңгейге көтеретінін алға тартты. Сондай-ақ, Негізгі Заңға өзгерістер енгізудің тек бүкілхалықтық референдум арқылы жүзеге асуы – мемлекеттік тұрақтылықтың басты кепілі екені айтылды.  Жиын соңында қатысушылар жаңа Конституция – өткенді саралап, болашаққа нық қадам жасауға мүмкіндік беретін стратегиялық таңдау деген ортақ байламға келді.

 

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ПӘКІСТАНДА АХМЕТ ЯСАУИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.