Полиция департаментінің хоры — бұл қызметтегі ауызбіршіліктің, тәртіп пен ішкі мәдениеттің символы – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Ақпан 6, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Полиция департаментінің хоры — бұл қызметтегі ауызбіршіліктің, тәртіп пен ішкі мәдениеттің символы

05.02.2026
0
Полиция департаментінің хоры — бұл қызметтегі ауызбіршіліктің, тәртіп пен ішкі мәдениеттің символы

Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті хорының 15 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті. Мерекелік кеш облыстық драма және оперетта театрының сахнасында ұйымдастырылды.

Мерекелік бағдарлама салтанатты әуенмен және аймақ полициясының мәдени-идеологиялық жұмысының ажырамас бөлігіне айналған ұжымның құрылу тарихы туралы фильммен ашылды.

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев құттықтау сөз сөйлеп, хордың мәдениетті дамытуға, патриоттық құндылықтарды нығайтуға және ішкі істер органдарының оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлесін атап өтті.

– Полиция департаментінің хоры — бұл қызметтегі ауызбіршіліктің, тәртіп пен ішкі мәдениеттің символы. Оның музыкасы жеке құрамды біріктіріп, шабыт береді және біздің жұмысымыздың басты құндылықтары — сертке адалдық, жауапкершілік пен адамдарға деген құрметті еске салып тұрады, – деді ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков.

Салтанатты кеште жылы лебіздермен қатар, шынайы тебіреніске толы сәттер де аз болмады. Хор мүшелері мен шығармашылық ұжым өкілдері мәдениет саласына қосқан үлесі мен қызметке адалдығы үшін ШҚО полиция департаментінің және облыс әкімі орынбасарының марапаттарына ие болды.

Көп жылдан бері ұжымның кәсіби деңгейі мен ерекше үнін сақтап келе жатқан көркемдік жетекші әрі дирижер Солтанова Ләйлә Қаблашқызына ерекше алғыс айтылып, құрмет көрсетілді.

Концерт хордың тарихы мен жанын айқара ашты. Сахна төрінде “Алаш ұраны”, “Менің Қазақстаным”, “Атамекен” секілді патриоттық және лирикалық туындылар шырқалды. Әсіресе, қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алуға арналған шығармалар көрерменді ерекше толқытты.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

AI-Sana аясында оқушыларға кәсіптік бағдар беретін ЖИ агент іске қосылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ПӘКІСТАНДА АХМЕТ ЯСАУИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.