Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Павлодарда бейнекамералар арқылы құқық бұзушылықтар анықталды

Жедел басқару орталықтарының жұмысы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тиімділігін арттыруға, құқық бұзушылықтармен күресуге, соның ішінде көшелер мен қоғамдық орындарда жасалатын заңсыз әрекеттердің алдын алуға, сондай-ақ полицияның кешенді күштерінің қылмыстар мен азаматтардың хабарламаларына жедел әрекет етуіне бағытталған.

Павлодар қаласында бейнебақылау камералары арқылы урнадан тыс жерге темекі тұқылын тастаған ер адам анықталды. Қала тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Полицияның мәліметінше, ұсақ бұзақылық – қоғамдық тәртіпті бұзатын және қоғамға құрметсіздік танытатын әрекеттер. Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу ауыр қылмыстардың жолын кесуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бейнекамералар қоғамдық орындарда мас күйде жүрген азаматтарды да жиі тіркейді. Заңнамаға сәйкес, қоғамдық орындарда мас күйде жүру және алкоголь ішу – әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады. Мас күйдегі адамдар өзіне де, өзгелерге де қауіп төндіруі мүмкін. Қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда 102 нөміріне, “Police 102” мобильді қосымшасы немесе @dp_pavlodar Instagram парақшасы арқылы хабарлауға болады.

Жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен 3 мыңнан астам құқық бұзушылық пен 25 қылмыс анықталды. Барлық кінәлі тұлғалар заң талаптарына сай жауапкершілікке тартылды.

Қаңтар айында «Заң және тәртіп» сервисі арқылы 33 өтініш тіркеліп, оның 18-і жол қозғалысы ережелерін бұзу, 15-і қоғамдық тәртіпті бұзу деректеріне қатысты болды.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Ясутоши Нишимураны қабылдады

admin_altyalash

МЕДИЦИНАЛЫҚ ПЕРСОНАЛҒА ЖҮКТЕМЕНІ ЕКІ ЕСЕ АЗАЙТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

admin_altyalash

JOLTAP әлеуметтік жобасы сәтті жалғасып жатыр

admin_altyalash