Қатарда Қазақстанның мәдениет күндері өтіп жатыр. Дарб Аль-Саги мәдени-тарихи орталығында Доха қаласының тұрғындары мен қонақтары ұлттық нақыштағы дизайнерлік бұйымдарды, көрмелер, дәстүрлі спорт түрлерін, құсбегілік өнер мен қазақтың тазы иттерін тамашалап, ел мәдениетімен жақын танысты.
Аталмыш күндер аясында «Mezzo» вокалдық тобының концерті өтті. Ұжым әлемдік классика мен ұлттық әуендерді ұштастырып, заманауи көзқараспен орындайды. Бұл кештен көрермен ерекше әсер алып, отандық орындаушылардың кәсіби шеберлігіне тәнті болды.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.