Жаңа Конституция мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен мүдделерін толық қамтамасыз етеді – Ләззат Қалтаева – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Ақпан 8, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жаңа Конституция мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен мүдделерін толық қамтамасыз етеді – Ләззат Қалтаева

07.02.2026
0
Жаңа Конституция мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен мүдделерін толық қамтамасыз етеді – Ләззат Қалтаева

Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Қалтаева жаңа Конституция жобасын қолдап, онда мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен мүдделері толық қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Конституциялық комиссияның тоғызыншы отырысында ол жаңа Конституция адамның құқықтары мен бостандықтарының ең жоғары құндылық екеніне маңыз беретінін айтты. Бұл принцип тікелей мүгедектігі бар адамдарға да қатысты.

«Жаңа Конституция жобасы азаматтарды жасына, ауруына, мүгедектігіне немесе басқа заңды негіздерге байланысты әлеуметтік қамтамасыз ету кепілдіктерін қамтиды. Сонымен бірге, мемлекет пен қоғамның мүгедектік мәселелеріне көзқарасы тек заңнамалық деңгейде ғана емес, іс жүзінде де – тең құқықтарды мойындау және тең мүмкіндіктер жасау қағидасына сүйенуі қажет», – деді Ләззат Қалтаева.

Ол жаңа Конституция жобасының кез келген дискриминацияға жол бермеу принципін сақтайтынына ерекше тоқталды. Осы тұрғыда мүгедектігі бар адамдар үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету – адам құқықтарын іске асырудың ажырамас бөлігі саналады.

«Қазақстан Республикасының мүгедектердің құқықтары жөніндегі конвенциядан туындайтын міндеттемелері жаңа Конституция қабылданған жағдайда толық көлемде сақталады», – деп айтты Сенат жанындағы инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы.

Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасының алғашқы баптарында-ақ, конституциялық құрылым негіздеріне арналған бөлімде, азаматтардың жағдайын нашарлататын нормалардың кері күшін қолдануға жол бермеу қағидаты бекітілген.

Ләззат Қалтаева бұл тәсілді құқық қолдану тәжірибесінде де біртіндеп жүзеге асыру қажет екенін айтты.

«Алдыңғы отырыстарда жаңа Конституция жобасын республикалық референдумға шығару мәселесі қаралды. Бұл – мемлекет үшін Ата заң саналатын құжат. Әрбір азамат өз пікірін тең білдіруі тиіс», – деді ол.

Сондай-ақ, Ләззат Қалтаева жаңа Конституция мәтінін инклюзив форматтарға: көру мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін – Брайль қарпімен, интеллектуалдық дамуында қиындықтары бар адамдар үшін – түсінікті тілге аудару қажеттігін атап өтті.

Қорытындылай келе, ол жаңа Конституция жобасында азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған нормалар бар екенін атап өтті. Бұл әлеуметтік тұрғыдан осал топтардың құқықтарын қорғауды және инклюзияны тиімді жүзеге асыруға қосымша мүмкіндіктер береді.

«Аталған тәсілдерді, сондай-ақ сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері мен халық пікірі негізінде айтылған конструктивті ұсыныстарды ескере отырып, жаңа Конституция жобасын құқықтық және әлеуметтік дамыған мемлекеттің маңызды негізі ретінде қолдауға болады деп есептеймін», – деп түйіндеді Ләззат Қалтаева.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ақмолалықтар қысқы Олимпиада қатысушыларын шаңғы жарысымен қолдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жаңа Конституция ақиқатты айна-қатесіз жеткізіп, сындарлы сұхбат мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді – белгілі журналист

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.