Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарҒылым-БілімЖаңалықтар

Рудный қаласында 900 орынға арналған мемлекеттік тілде оқытатын мектеп ашылды

Рудный қаласында “Келешек мектептері” ұлттық жобасының аясында 900 орынға арналған мемлекеттік тілде оқытатын №8 жалпы білім беретін жаңа мектеп ашылды. Осы айтулы күнді оқушылар және олардың ата-аналары асыға күткен болатын.
Жаңа мектепте оқушылардың қабілеттерін ашуға барлық жағдайлар жасалған. Кіші, орта және жоғары буын үшін жеке блоктар қарастырылған. Химия, биология, физика, информатика, робототехника пәндік кабинеттері, сондай-ақ STEAM-зертхана оқушылардың зерттеу мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.
Оқу кабинеттері компьютерлік жабдықтармен, интерактивті тақталармен, шет тілдер кабинеттері – лингафондармен жарақталған.
Мектепте қажетті құралдарымен 3 спорт залы, хореография залы, жайлы асхана бар. Еңбекке баулу шеберханаларында станоктар және тігін жабдықтары қойылған.
Аулада оқушыларды жан-жақты дамыту үшін қозғалыс ойындарға және демалуға арналған алаңдар орнатылған.
Мектеп Қостанай облысы бойынша Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының өңірлік үйлестірушісі қызметін атқарып, осы салада халықаралық тәжірибе алмасу бойынша белсенді жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.
Кеншілер қаласы үшін мектепте 62 жаңа жұмыс орнының ашылуы маңызды. Оның 34-і педагогтер, оларға сапалы білім беру және оқушылардың зияткерлік, спорттық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жасалған қолайлы жағдайларды толығымен пайдалану міндеті қойылып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық жоба аясында 4500 орындық 6 мектеп ашылды: Арқалық қаласында (300 орын), Қостанай ауданының Заречный ауылында (900 орын), екі мектеп Қостанай қаласында (1200 және 900 орын), Әулиекөл ауданының Құсмұрын ауылында (300 орын) және Рудный қаласында (900 орын).

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

admin_altyalash

Іс-шараның негізгі мақсаты – өнер мен мәдениет арқылы инклюзияны ілгерілету

admin_altyalash

Майқайың кенішіндегі апат: автобустағы 2 адам тірі болуы мүмкін

admin_altyalash