Жетісуда ақынның сөзіне жазылған әндер байқауы өтіп, биографиялық моноспектакль ұсынылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Ақпан 11, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Жетісуда ақынның сөзіне жазылған әндер байқауы өтіп, биографиялық моноспектакль ұсынылды

10.02.2026
0
Жетісуда ақынның сөзіне жазылған әндер байқауы өтіп, биографиялық моноспектакль ұсынылды

Жетісу облысында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған поэзиялық кеш, тақырыптық экскурсия, дөңгелек үстел,  жергілікті ақын-жазушылармен кездесу сияқты бірқатар мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Соның ішінде ақын өлеңдеріне жазылған әндерден «Есіңе мені алғайсың» облыстық әншілер байқауы өткізіліп, Б. Римова атындағы академиялық драма театрының «Мұқағали» моноспектаклі қойылды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Талдықорғандағы Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармонияда өткен әншілер байқауына Жетісудың аудан-қалаларынан 16-35 жас аралығындағы 29 әнші екі номинация, атап айтқанда, дәстүрлі ән және эстрадалық ән бойынша сайысқа түсті.

– Ақынның сан алуан тақырыптағы өлеңдеріне ән жазған композиторлар санында есеп жоқ. Сол әндер бүгінде ел игілігіне айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Байқауды өткізуде Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндер мен жаңа орындаушыларды анықтап, жастар арасында өнерге деген құштарлықты арттыруды, ақын мұрасын кеңінен насихаттауды мақсат етіп отырмыз, – деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов.

Бұл ретте байқаудың іріктеу кезеңіне өңірдегі руханият саласында қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтар қазылық етті. Байқау бұдан әрі жүлдегерлерді марапаттау мен гала концертпен жалғасады.

Ақынның туған күніне орайластырылған мәдени шараның бірі – «Мұқағали» моноспектаклі. Қойылымның басты кейіпкерін қоюшы режиссері, актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сафуан Рысбайұлы сомдады. Спектакль эксперименттік жоба ретінде Б. Римова атындағы академиялық драма театрының фойесінде қойылды.

Спектакль режиссерлерінің бірі Ұлан Ахметовтің айтуынша, моноспектакль ақынның жан айқайын, махаббат пен мұңға толы әлемін, өмір мен уақыт жайлы терең толғанысын поэзия тілімен өрнектейді. Қойлымның ұзақтығы – 45 минут, ол ақынның өмірі мен шығармашылығын танытатын бес кезеңге бөлінген.

Атап өтсек, қойылым режиссерлері – Ұлан Ахметов, Сафуан Рысбайұлы, композиторы – Тұрсынжан Шапай. Ақын рөлінде: Сафуан Рысбайұлы, сол сияқты рөлдерде Дархан Дүйсенов, Күнекей Мұхтархан, Ариза Асқарова, Қарақат Шындәулет, Әсем Мұратова ойнады.

 

 

Фотограф: Қанат Өмірәлинов және бірқатар фотосуреттерді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұсынды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Шымкентте сталкинг жасаған екі күдікті қамауға алынды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қарағанды облысында самбодан республикалық чемпионат өтуде

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.