Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Алматы халықаралық деңгейде танылып келеді

2025 жылы Алматы туризм саласында тұрақты өсім көрсетті: тоғыз ай ішінде қалаға шамамен 1,87 млн адам келді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8% көп. Олардың ішінде 563 мыңнан астам шетелдік және 1,3 млн ішкі турист бар. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасының өкілдері айтты.

Ведомство дерегінше, саланың инвестициясы 39,4%-ға өсіп, 198,8 млрд теңгеге жетті. Жеке инвестиция есебінен 941 нөмірлі қонақ үйлер, жатақханалар және демалыс базалары бар 48 жаңа нысан ашылды.

Алматы халықаралық деңгейде танылып келеді: Bloomberg бойынша қала әлемнің 25 үздік қаласының қатарына енді, ал Booking.com дерегінше, Орталық Азияның тез дамып келе жатқан 10 туристік бағытының бірі. CNN және The Telegraph қаланы аймақтың негізгі туристік нүктесі ретінде атады.

Іс-шара туризмі де жаңа деңгейге көтерілді: «ALA CRAFT 2025» халықаралық қолөнер фестивалі 15 елден шеберлерді жинады, ал іскерлік MICE – іс-шараларға әлемнің түкпір-түкпірінен 5,7 мыңнан астам адам қатысты.

Қала инфрақұрылымы дамуын жалғастырып келеді. «Алма-Арасан» термалды бұлағы қайта жаңартылды, 10 туристік маршрут көркейтілді, күн панельдері бар кемпингтер мен тауға шыққанда есепке алатын құрылғы орнатылды. Туристер үшін 110 нысанға аудио нұсқаулық дайындалды, 27,5 мың буклет шығарылды, сондай-ақ негізгі көрікті жерлердің 5 тактильді моделі жасалды.

Ұқсас жаңалықтар

Биылғы жылдың ақпарат саласындағы айтулы оқиғалары

admin_altyalash

Олжас Бектенов Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

admin_altyalash

Есентай өзенінің жағалауы көркейтіледі

admin_altyalash