Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғам

STOP Stalking: елордада сталкингке қарсы күрес күшейтілуде

Елордада “Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында “STOP Stalking және қауіп аймағы” атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара қудалау, қорқыту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ әрекет етудің бірыңғай тетіктерін әзірлеу және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне арналды. Талқылауға полиция, сот, прокуратура, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қатысушылар сталкинг – тұрмыстық жанжал немесе “жеке мәселе” емес, адамның қауіпсіздігіне төнетін нақты қатер екенін атап өтті. Маза бермейтін қоңыраулар, аңду, қудалау және психологиялық қысым көрсету көбіне ауыр құқық бұзушылықтардың алғашқы кезеңі болуы мүмкін. Сондықтан дабыл белгілеріне ерте әрекет ету және жәбірленушілерге уақтылы көмек көрсету аса маңызды.

Дөңгелек үстел барысында әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған қолданыстағы заңнамалық нормалар еске салынды. Елде сталкинг пен некеге мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген. Жыл басынан бері Астанада заңсыз қудалау фактілері тіркелді. “102” арнасына келіп түсетін барлық өтініштер, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы сигналдар полицияның күнделікті бақылауында.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істейтін барлық қызметтер мен ұйымдардың тығыз өзара іс-қимылы ғана тиімді профилактиканы қамтамасыз ететінін атап өтті.

Полиция азаматтарды бейжай қалмауға және қудалау мен қорқыту фактілері туралы дер кезінде хабарлауға шақырады – ерте жүгіну қауіпті жағдайлардың алдын алып, адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны басталды

admin_altyalash

2500 басқа арналған сүт-тауар фермасы іске қосылды

admin_altyalash

Спорт гимнастикасынан АЧ: Аида Бауыржанова алғашқы жүлдесін алды

admin_altyalash