«Қазақстан археологиясындағы жаңа ашылымдар – 2025» көрмесі өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Ақпан 16, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Қазақстан археологиясындағы жаңа ашылымдар – 2025» көрмесі өтті

15.02.2026
0
«Қазақстан археологиясындағы жаңа ашылымдар – 2025» көрмесі өтті

14 ақпанда Астанадағы ҚР Президенттік орталығында «Қазақстан археологиясындағы жаңа ашылымдар – 2025» атты көрме өтті. Көрме 2025 жылы еліміздің түрлі өңірлерінде жүргізілген далалық археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған бірегей жәдігерлер мен ғылыми жаңалықтарды кең жұртшылыққа таныстыруға арналды.

Көрмені ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты және ҚР Президенттік орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Экспозиция тас дәуірінен бастап ортағасырларға дейінгі кең хронологиялық кезеңді қамтып, Қазақстанның көне тарихын жаңа ғылыми деректер негізінде пайымдауға мүмкіндік берді.

Экспозицияның айрықша мәнге ие бөлігінің бірі Сауысқандық пен Арпаөзен петроглифтеріне арналды. Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қазақстанды «Таңбалы тастар мекені» деп бекер айтпайды. Ешкіөлмес жотасы – Еуразиядағы петроглифтер ең көп шоғырланған орындардың бірі. Арпаөзен, Құлжабасы, Сауысқандық сайларында көптеген тарихи суреттер сақталған. Бұл жәдігерлер – Дала өркениетінің сан мыңжылдық шежіресі», – деп жоғары баға берген болатын.

Тас дәуірі бөлімінде Жетісудағы ерте палеолитке тән «Тянь-Шань ориньягы» мәдениеті мен Ертіс бойындағы «Шідерті мәдениеті» секілді ірі ғылыми жаңалықтар таныстырылды. 2025 жылы беделді L’Anthropologie журналының арнайы саны Қазақстанның көне тарихына арналуы – отандық зерттеулердің халықаралық деңгейде мойындалғанының айғағы болды. Тайсойған құмынан табылған энеолит дәуірінің бірегей жерлеу кешенінің жәдігерлері алғаш рет көрсетілді.

Қола дәуірі бөлімінде Ақмая мен Талдысай қоныстарынан табылған мыс қождары мен руда қалдықтары Сарыарқаның көне металлургия орталығы болғанын дәлелдеді. Сондай-ақ Ақбауыр, Бетегелі, Балқан, Таранғұл, Қосағалы 1 және Бағаналы ескерткіштерінен алынған жаңа деректер ұсынылды.

Сақ-сармат дәуірі бөлімінде алтын әшекейлер, «сармат олжалары», қару-жарақтар мен қалалық мәдениетті айғақтайтын Шірікрабат, Жетіасар, Бәбішмола, Күлтөбе, Мыңтөбе жәдігерлері қойылды. Сақ және сармат жауынгерлерінің ғылыми реконструкциялары көрме мазмұнын толықтырды.

Ортағасыр бөлімінде қимақ, оғыз, Алтын Орда кезеңдеріне қатысты артефактілер және Жанкент, Сығанақ, Ордазы, Қышқала қалаларынан табылған бұйымдар ұсынылды. Қарақаба негізінде жасалған қимақ жауынгерінің бейнесі ерекше назар аудартты.

Сондай-ақ көрме аясында бейнематериалдар, 3D реконструкциялар мен цифрлық модельдер ұсынылып, Археология институтының ғылыми басылымдары таныстырылды. Көрме ұлттық мұраны заманауи форматта насихаттаудың маңызды алаңына айналды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстанның робототехникадан ұлттық құрама командасы жасақталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматыда экологиялық талаптардың сақталуын бақылайтын оператор анықталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.