Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениет

Астанада «Париждегі екі әйел» спектаклінің премьерасы өтті

Елордада Қазақстан, Оңтүстік Корея және Ресей театрларының бірлескен халықаралық жобасы «Париждегі екі әйел» спектаклінің премьерасы өтті.

Қазақстан тарапынан қойылымға Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрының әртістері қатысты. Сонымен қатар спектакльде Ресейдің Станиславский атындағы Электротеатры мен Оңтүстік Кореяның PIAC театрының актерлері де өнер көрсетеді.

Қойылым оқиғасы 1940-жылдары Париж қаласында өрбиді. Сюжет корей халқының тұңғыш кәсіби суретшісі, тәуелсіздік жолындағы қозғалыс белсендісі На Хэ Сок пен Антон Чеховтың «Шие бағы» пьесасындағы әдеби кейіпкер Раневская арасында диалог негізінде құрылған. Олардың символикалық кездесуі арқылы тарихи оқиғалар, тәуелсіздік үшін күрес және жауапкершілік тақырыптары қозғалады.

Айта кетсек, спектакльдің премьерасы 2025 жылы Сеул қаласында өтті. Астанадағы қойылым Корея Республикасының Елшілігі жанындағы Корей мәдени орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Ұқсас жаңалықтар

«16 жыл баспанасының құжаты болмаған»: Астанада шағын аудан тұрғындарының мәселесі шешілді

admin_altyalash

Екі ұлым Қазақстанға екі алтын алып келеді деп үміттенемін – Рахат Оралбай

admin_altyalash

Бізге қағаз жүзіндегі есеп емес, шәкірттің шынайы жетістігі мен білім деңгейінің өсуі қажет

admin_altyalash