Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

ALLUR КОМПАНИЯСЫ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ЭНДАУМЕНТ ҚОРЫНА 100 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛДІ

 

Қазақстандық Allur автокөлік компаниясы «Қазақ тілі» қоғамының эндаумент қорына 100 млн теңге аударды.

Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен үндес, қазақ тілін дамытуға қосылған нақты үлес.

Allur компаниясы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қазақ тілін дамыту бағытындағы жобаларды жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді әріптестік орнатты.

Қазір Qazaq Tili Endowment қорындағы қаржы 703 669 299 теңгеге жетті. Осы қаражат есебінен соңғы жылдары 100-ге жуық жоба мен іс-шара жүзеге асырылды.

Эндаумент қорының басты міндеті – мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын еліміздегі ең ірі ұйым – «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету. Эндаумент қорының ерекшелігі – қорға жиналған қаржы жұмсалмайды. Қордағы қаражат басқаруға беріледі және инвестицияға құйылады. Инвестициялық қызметінен түскен табыс «Қазақ тілі» қоғамының жарғылық міндеттеріне жұмсалады.

Qazaq Tili Endowment қорын беделді қоғам қайраткерлері мен мемлекет өкілдерінен құралған құрылтайшылар тобы бақылайды.

 

Анықтама

Allur – 22 жылдан бері еліміздегі автокөлік өнеркәсібін дамытып келе жатқан жетекші отандық компания. Қазақстандық автоөнеркәсіптің жүйелі дамуына серпін беріп, ел экономикасының маңызды саласын алға жылжытып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Бірге атқарған әр іс – берекелі болмақ

admin_altyalash

Алматыда БАҚ қызметкерлері марапатталды

admin_altyalash

Конституцияның 29 жылдығын мерекелеп жатыр

admin_altyalash