Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

Алматыда Төле би көшесін ұзартуға 13,6 млрд теңге бөлінеді

2026 жылы Төле би көшесін ұзарту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов мәслихат сессиясында мәлімдеді.

Аталған жобаны жүзеге асыруға 13,6 млрд теңге қарастырылған. Оның айтуынша, бұл ауданаралық көлік қатынасын жақсартып, іргелес көшелердегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Саин және Оңғарсынова көшелерін ұзарту жұмыстарын аяқтауға да қаржы бөлу көзделген.

Бауыржан Құдайбергеновтің айтуынша, қосымша 1,3 млрд теңге Алатау ауданындағы Ғажайып және Алғабас шағынаудандарында салынып жатқан жаңа мектептерге апаратын жолдың құрылысына жұмсалады.

Ұқсас жаңалықтар

Кітап оқитын ұлтқа айналдыру идеясына әр адам өз үлесін қоса алады

admin_altyalash

ШЫҰ қатысушы елдер қалдықтарды тиімді басқару саласында мәлімдеме жасайды

admin_altyalash

Нұр-Сұлтанда жартылай марафон өтеді

admin_altyalash