«ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯ – ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА САРАПШЫЛАР КЕЗДЕСУІ ӨТТІ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Ақпан 19, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

«ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯ – ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА САРАПШЫЛАР КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

18.02.2026
0
«ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯ – ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА САРАПШЫЛАР КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Бүгін «Достық үйінде» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Республикалық референдум аясында «Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті.
Оған мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, бизнес қауымдастығының өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалым-ұстаздары, саяси партия жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар, Ассамблея мүшелері, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталып, жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті.
«Конституциялық реформа жөніндегі жалпыхалықтық талқылаулар жарты жылға жуық уақыт әртүрлі алаңдарда өтті. Бұл – қоғамның саяси белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігінің айқын көрінісі. Ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерді халықтың тікелей дауыс беруіне ұсыну – демократияның шынайы әрі мызғымас қағидаты.
Жаңа Конституция жобасында мемлекетіміздің іргелі негіздері, басты құндылықтары мен дүниетанымдық ұстанымдары жүйеленіп, заманауи талаптарға сай жаңғыртылды.
Жалпыхалықтық референдум Тәуелсіз Қазақстанның алдағы даму кезеңін айқындап, ел тарихында жаңа белестің басталуына негіз болады деп сенеміз.
Президентіміздің бастамасымен елімізде соңғы жылдары қолға алынған саяси реформаларды жүзеге асыруда Сыр өңірі береке-бірліктің, тату тірліктің үлгісін көрсетіп келеді.
Ұлтымыздың тарихына алтын әріппен жазылатын алдағы маңызды саяси кезеңде Сыр жұртшылығы еліміздің шынайы патриоты ретінде азаматтық ұстанымдарын білдіріп, жаңа Конституцияның жобасын қолдайды деп сенеміз. Баршаңызды осы іске жоғары жауапкершілікпен белсенді атсалысуға шақырамын!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Жиында облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы, ҚР Сенаторлар кеңесінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы-ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты Наурызбай Сейітқалиұлы, білім саласының ардагері Райкүл Мансұрқызы, Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығы облыстық филиалының төрайымы, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Анар Жарылқасынқызы, «Анаға тағзым» орталығының директоры Алтынай Бекмағамбетқызы , «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Әсетхан Қазиұлы пікір айтты.
Сондай-ақ, жиын соңында пікір білдірген облыс тұрғыны, мектеп ұстазы Махамбетәлі Әбдіхамитұлы Конституцияның жаңа жобасындағы «Гимн» сөзін «Әнұран» деп ауыстыру туралы ұсынысы Конституциялық комиссия отырысында қаралып, оң шешімін тапқанына ризашылығын білдірді.
«Еліміздің әр азаматы өз үнінің естілгенін қалайды. Мен қарапайым ауыл тұрғыны ретінде тарихи кезеңде өз ұсынысымды білдірдім және оның қабылданғанына қуаныштымын», – деді Шиелі ауданының тұрғыны Махамбетәлі Әбдіхамитұлы.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Семейде 30-ға жуық отбасы баспаналы болды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Аида Балаева: Референдум – формалды процедура емес, ол – халықтың тікелей қатысуының ең тиімді тетігі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.