Семейде 30-ға жуық отбасы баспаналы болды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Ақпан 19, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Семейде 30-ға жуық отбасы баспаналы болды

18.02.2026
0
Семейде 30-ға жуық отбасы баспаналы болды

Бүгін Семей қаласында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға және жетім балаларға пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды. Шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысты.

Тұрғындарды баспанамен қамту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылы облыс орталығында барлығы 327 жалға берілетін пәтер сатып алынды. Соның ішінде Ұшақтар кентінде орналасқан 5 қабатты, 60 пәтерлі тұрғын үй «Отбасы банк» АҚ арқылы кезекте тұрған азаматтарға бөлу үшін берілді.

Аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін қуанышты мезетпен құттықтап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Қаламыз күннен күнге көркейіп келеді. Тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Игі істердің жалғасы ретінде бүгін біз ерекше сәттің куәсі болғалы отырмыз. Бүгін 26 пәтердің кілті табысталмақ. Ал жақын күндері тағы 34 отбасы осы үйден баспаналы болады. Сонда бір үйдің өзінен ғана 60 адам қоныс тойын тойлайды. Бұл баспаналар әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, жетім балаларға беріліп отыр. Бұл – жай ғана үй емес, бұл – жаңа өмірге бастар жол, үміт пен сенімнің символы. Сондай-ақ, наурыз айындағы мерекелерде кезегі келген отбасыларға пәтер кілтін табыстайтын боламыз. Қоныс тойы құтты болсын! Жаңа баспана жаңа бақыт әкелсін!», – деді Берік Уәли.

Баспаналы болған тұрғындар ризашылықтарын жеткізді.

«Біздің жанұямыз үшін бүгін – ерекше қуанышты күн. Себебі, 11 жыл үй кезегінде тұрып, тағатсыздана күттік. Жаңа баспанаға қол жеткізгенімізге ризамыз. Халықтың жағдайын жасап, қолдау көрсетіп жатқандарыңызға алғыс айтамыз», – деді қала тұрғыны Жанна Иманғазина.

Облыс әкімі Семей қаласын абаттандыру жұмысы жалғасатынын, биыл 75 көшеге асфальт төселіп, 100-ге жуық ауланың жаңғыртылатынын айтты. Айта кетейік, былтыр 52 көше асфальтталып, 35 аула абаттандырылған болатын.

Ұшақтар кентінің дамуына да ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта жаңа саябақ пен спорттық сауықтыру кешені салынып жатыр. Екі ғимараттан тұратын спорт нысаны – «Самұрық қазына» әл ауқат қоры мен облыс әкімдігінің бірлескен жобасы.

Өткен жылы Қарағайлы ықшам ауданында 27 мың шаршы метрді құрайтын 5 тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл «Абай жастары» бағдарламасы аясында 30 пәтер берілмек.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астанада мектепке дейінгі ерекше балалар арасында «Сәулелі тастар» ұлттық ойынынан байқау өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯ – ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА САРАПШЫЛАР КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.