ҚЫЗЫЛОРДАДА ORHUN MEDICAL ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Ақпан 21, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДА ORHUN MEDICAL ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

19.02.2026
0
ҚЫЗЫЛОРДАДА ORHUN MEDICAL ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері және ардагерлердің қатысуымен Orhun medical медициналық орталығының ашылу рәсімі өтті.
Аймақ басшысы өз сөзінде өңірдің денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды.
«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ұлт саулығы жақсы болса, қоғам орнықты дамиды» деп, салаға әрдайым айрықша көңіл бөліп келеді. Сыр өңірінде тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру, инфрақұрылымды одан әрі жетілдіру шаралары кешенді түрде жүргізілуде.
Бүгін Өздеріңізбен бірге өңіріміз үшін маңызы зор нысан Orhun Medical медициналық орталығының ашылуында бас қостық. Орталықтың негізгі бағыты – позитронды-эмиссиялық және компьютерлік томографияны біріктіретін жоғары технологиялық диагностика.
Құны 4 млрд. теңге болатын бұл жоба онкологиялық ауруларды ерте анықтауға, дерттің таралу деңгейін бағалауға, емдеу тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді. Тұрғындарымыз ендігіде Астана, Алматы қалаларына, шетелдерге бармай-ақ, сапалы медициналық қызметтерді жергілікті жерде алады.
Ел игілігіне табысталатын медициналық орталық дәрігерлері келушілерге қызмет етіп, науқастың дертіне дауа, көңіліне рауан беріп, халықтың ықыласына бөленеді деп сенеміз. Жауапкершілігі жоғары салада уақытпен санаспай, күні-түні жасаған қызметтеріңіз табысты, мәртебелеріңіз биік болғай!», – деді Н.Нәлібаев.
Ашылу рәсімінде Ақмарал Әлназарова, Әлібек Қуантыров сөз сөйлеп, сала ардагері Абдулла Шүленбаев бата берді. Аймақтың денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
​Айта кетейік, медициналық орталықтың жылдық жобалық қуаты айтарлықтай жоғары. Мұнда жылына 3 500 позитронды-эмиссиялық және компьютерлік томография зерттеуі жүргізіледі. Сонымен қатар, 16 000 магниттік-резонанстық томография, 20 000 компьютерлік томография, 25 000 рентгенологиялық зерттеу және 10 000 маммография жасауға мүмкіндік бар.
​Қызылорда қаласындағы орталық – Orhun Medical компаниясының Қазақстан өңірлерінде жоғары технологиялық онкологиялық көмекті дамытуға бағытталған жобасының екінші кезеңі. Ұлытау, Түркістан, Ақтөбе тұрғындарына да қызмет көрсетеді. Бірінші кезеңде Ақтау қаласында осындай орталық іске қосылған. Зерттеулер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жүргізіледі.
​Бұдан бөлек, медициналық орталықта МРТ, КТ, рентгенография, маммография, ультрадыбыстық диагностика, бейінді мамандардың кеңестері, зертханалық зерттеулер және емшара бөлмелерінің қызметтері халыққа қолжетімді болады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ СОЛ ЖАҒАЛАУЫНДА 500 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ЕМХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бірлескен ой мен ортақ жауапкершілік – табыстың кепілі-Ермахан Ибраимов

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.