Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Софья Самоделкина елдік есепте жаңа рекорд орнатты

Мәнерлеп сырғанаудан Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпия ойындарында әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды. Қазақстан атынан сынға түскен Софья Самоделкина өз мансабындағы рекордтық ұпайын жинап, 10-орынға тұрақтады.

Мұз айдынына он үшінші болып шыққан Софья Самоделкина өз қойылымын мінсіз орындап, 138.99 ұпай еншіледі. Ал қос бағдарламаның қорытындысы бойынша, отандасымыз 207.46 ұпаймен жеке мансабындағы ең үздік көрсеткішін тіркеді.

Софья бұған дейінгі рекордтық ұпайын 2021 жылы (205.67 ұпай) алған еді.

Жүлдегерлер:

1-орын. Алиса Лю (АҚШ) – 226.79 ұпай (жеке рекордын жаңартты)
2-орын. Каори Сакамото (Жапония) – 224.90 ұпай
3-орын. Ами Накаи (Жапония) – 219.16 ұпай

10-орын. Софья Самоделкина – 207.46 ұпай

Айта кетейік, қысқы Олимпиаданың тарихында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында тек 2018 жылы ғана Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова өнер көрсеткен. Элизабет Тұрсынбаева сол Ойындарда 12-орынға тұрақтаған болатын.

Фото: Сали САБИРОВ

Ұқсас жаңалықтар

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Павлодар облысының қалалары мен аудандарында ауқымды іс-шаралар өтті

admin_altyalash

Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі

admin_altyalash

Қытай компанияларын бірлесіп жұмыс жасауға шақырды

admin_altyalash