Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды бастады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Ақпан 24, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды бастады

23.02.2026
0
Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды бастады

          «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция белсенділері өңірлерде кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру шараларын қолға алды.

Астана қаласынан бастау алған жұмыс, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкентте жалғасын тапты. Белсенділер  белгіленген орындарда үгіт-насихат плакаттарын ілумен қатар, ақпараттық-түсіндірме парақшаларын азаматтарға таратуда.         Сондай-ақ Халықтық штаб мүшелері мен белсенділер еліміз бойынша ақпараттандыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Жалпыұлттық коалиция штабының мүшесі, «Жастар Рухы» төрағасының орынбасары Ержан Хамитов науқанға еліміздің барлық өңірлерінен жастар белсенді қатысып жатқанын атап өтті.

          «Коалиция жұмысы басталысымен 3 республикалық маңызы бар қала мен 17 облыста құрылған штабтар жанындағы белсенділер жүйелі іске кірісті. Бүгінде жастар офлайн форматта ақпараттық материалдарды таратып, азаматтарға Жаңа Конституцияның мазмұны мен 15 наурызда өтетін референдумның маңызын түсіндіруде. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы да кең аудиторияны қамтып, онлайн кеңістікте белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Негізгі мақсатымыз – қоғамға алдағы саяси науқанның мәні мен маңызын жан-жақты жеткізу», – деді ол.

Штаб өкілдерінің мәліметінше, ақпараттық шаралар облыс және қала орталықтарымен қатар, аудан мен ауылдық елді мекендерді де қамтып отыр. Алдағы уақытта «Есіктен есікке» акциясы ұйымдастырылып, тұрғындармен жеке форматта жүздесу жоспарланған. Бұл бастама аясында азаматтардың сұрақтарына нақты жауап беріліп, қосымша түсіндірме материалдары ұсынылады.

Бұдан бөлек, Халықтық штаб мүшелері республика көлемінде кездесулер ұйымдастырып, Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін кеңінен түсіндіруде. Тұрғындармен ашық пікір алмасу форматында кездесулер өткізіліп, азаматтардың сауалдарына жауап беріліп, ұсыныстары ескерілуде.

Айта кету керек, жетекші қоғамдық-саяси күштер «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция аясында бірікті. Оның құрамына саяси партиялардың орталық және өңірлік құрылымдары, республикалық қоғамдық бірлестіктер, Парламент пен мәслихат депутаттары, ғылыми-сарапшылық қауым өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, кәсіподақ ұйымдары, салалық қауымдастықтар мен жастар ұйымдары енген.

Қазіргі уақытта коалиция мүшелері аймақтардағы түсіндіру іс-шараларын жалғастыруда. Референдум қарсаңында еңбек ұжымдарымен, сарапшылармен және тұрғындармен кездесулер өткізу арқылы ашық диалог алаңдарын кеңейту көзделіп отыр. Негізгі басымдық – азаматтардың саналы әрі жауапты түрде шешім қабылдауына жағдай жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында геологиялық барлау саласындағы 20 жобаны қаржыландыруды мақұлдады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.