Алматыда кино майталмандарына арналған мерейтойлық көрме ашылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Ақпан 25, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда кино майталмандарына арналған мерейтойлық көрме ашылды

24.02.2026
0
Алматыда кино майталмандарына арналған мерейтойлық көрме ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» және Меңтай киномузейі бірлесіп Ұлы мұра – ұрпаққа өсиет» атты көрме ашты. Экспозиция Қазақ КСР-нің Халық әртісі, актер, опера әншісі Кәукен Кенжетаевтың 110 жылдығына  және  Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, киноактер Меңтай Өтепбергеновтың 80 жылдығына арналды.

Іс-шара  аясында қазақ өнерінің дара тұлғасына арналған «Кәукен Кенжетаев» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл еңбек – архив деректеріне негізделген, өнер иесінің шығармашылық жолын, өмір белестерін және ұлттық мәдениетке қосқан зор үлесін айқындайтын құнды басылым. Кеш барысында Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының әртістері өнер көрсетті.

Көрмеде Меңтай Өтепбергеновтің жеке коллекциясынындағы заттар көпшіліктің қызығушылығын  тудырды. Олардың қатарында 1931-1970 жылдар аралығында жарық көрген 200-ге жуық киноафишалар мен 1932-1990 жылдар аралығында шығарылған фотокамералардың бірегей үлгілері, ашық хаттар, кино журналдары мен фотоматериалдар бар.

Кеш соңында Кәукен Кенжетаевтің қатысуымен түсірілген «Гауһар тас» фильмінің өңдеуден өткен, жаңартылған нұсқасы алғаш рет көрсетілді. Сонымен қатар, талантты актер Меңтай Өтепбергенов басты рөлді сомдаған «Странный мир желаний и надежд» фильмінің көрсетілімі өтті.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Үкімет Каспийді зерттеуге және сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қарағандылық оқушылар «Жас патриоттар» академиясының қатарына қабылданды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.