Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Елордада Амангелді Кеңшілікұлының жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында қаламгер, «Айбоз-2025» ұлттық әдеби сыйлығының лауреаты Амангелді Кеңшілікұлының «Жүрек сөзі», «Сөз патшасы» және Ромен Ролланның «Толстойдың өмірі» аудармаларының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар, зиялы қауым өкілдері, жас қаламгерлер, кітапхана оқырмандары қатысты.

Қатысушылар автордың ұлттық әдебиетті дамытудағы рөлін және жазушы әрі әдебиет сыншысы ретіндегі еңбегін жоғары бағалады. Сонымен қатар ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев жаңа кітаптардың жарық көруіне орай авторға арнап бейнеқұттықтау жолдады.

Жиында «Жүрек сөзі» кітабына енген эсселер, әдеби зерттеулер мен күнделік жазбаларының мазмұнына жан-жақты талдау жасалды. «Сөз патшасы» жинағына ерекше назар аударылды. Бұдан бөлек, Ромен Ролланның «Толстойдың өмірі» атты еңбегінің қазақ тіліндегі аудармасы туралы пікір айтылып, оның әлем әдебиеті үшін құнды туынды екені сөз болды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шамамен 1200 гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекеттік меншікке қайтарылды

admin_altyalash

Диагностика мен білікті медициналық көмектің қаншалықты маңызды екенін ескертеді

admin_altyalash

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында заманауи спорт кешені іске қосылды

admin_altyalash