Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Елордада Амангелді Кеңшілікұлының жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында қаламгер, «Айбоз-2025» ұлттық әдеби сыйлығының лауреаты Амангелді Кеңшілікұлының «Жүрек сөзі», «Сөз патшасы» және Ромен Ролланның «Толстойдың өмірі» аудармаларының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар, зиялы қауым өкілдері, жас қаламгерлер, кітапхана оқырмандары қатысты.

Қатысушылар автордың ұлттық әдебиетті дамытудағы рөлін және жазушы әрі әдебиет сыншысы ретіндегі еңбегін жоғары бағалады. Сонымен қатар ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев жаңа кітаптардың жарық көруіне орай авторға арнап бейнеқұттықтау жолдады.

Жиында «Жүрек сөзі» кітабына енген эсселер, әдеби зерттеулер мен күнделік жазбаларының мазмұнына жан-жақты талдау жасалды. «Сөз патшасы» жинағына ерекше назар аударылды. Бұдан бөлек, Ромен Ролланның «Толстойдың өмірі» атты еңбегінің қазақ тіліндегі аудармасы туралы пікір айтылып, оның әлем әдебиеті үшін құнды туынды екені сөз болды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Елордалық спортшы конькимен жүгіруден әлем кубогында алтын жүлдегер атанды

admin_altyalash

Түркістан тұрғыны тал түсте жас жігітті көшеде пышақпен қорқытқан

admin_altyalash

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті

admin_altyalash