Жаңа Ата Заңда «адам» сөзі 76 рет кездеседі: Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасының басты ерекшелігін атады – Altyalash.kz
Friday, February 27, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Жаңа Ата Заңда «адам» сөзі 76 рет кездеседі: Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасының басты ерекшелігін атады

26.02.2026
0
Жаңа Ата Заңда «адам» сөзі 76 рет кездеседі: Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасының басты ерекшелігін атады

Жаңа Конституция – өткеннің қорытындысы ғана емес, ел дамуының жаңа дәуірін айқындайтын құжат. Адам құқықтарын күшейту, дәстүрлі құндылықтарды қорғау, зайырлы мемлекетті нақты бекіту, экология мен әйелдер құқығына басымдық беру – жаңа Ата Заңда көрініс тапты. Ол билік мүддесінен бұрын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын алдыңғы орынға шығарады. Жалпыұлттық коалицияның Ақтөбе жұртшылығымен кездесуінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, отыз жылда әлем өзгерді, қоғам өзгерді. Жаңа сұраныстар, жаңа талаптар, жаңа құндылықтар пайда болды. Кейбір мәселелерді қоғам 30 жыл бұрынғыдай емес, қазір мүлдем басқаша қабылдайды.

«Мысалы, экология мәселелерін алайық. Қазіргі қолданыстағы Конституцияда бұл тақырып мүлдем қамтылмаған. Дәстүрлі құндылықтарды қорғау мәселесі де қазір өзекті тақырыпқа айналды. 1995 жылы мұндай міндет қойылған жоқ. Сонымен қатар, жаңа Ата заңда мемлекеттің зайырлық сипаты нақты бекітілген. Бұл да – қоғамда соңғы жылдары қалыптасқан сұраныстардың бірі. Біз, әрине, рухани дамуды, имандылықты қолдаймыз. Бірақ, дей тұрғанмен де, мемлекет пен діннің аражігін ажырату керек. «Неке – ер мен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы» деген норманы енгіздік. Әйелдердің құқықтарын қорғау да өзекті мәселеге айналды. Жаңа Конституцияда бұған қатысты да нақты нормалар қамтылған. Міне, соңғы жылдары пайда болған осындай сұраныстарды қалайда ескеру қажеттілігі туындады», – деді Мемлекеттік кеңесші.

Осы орайда Ерлан Қарин қоғамда жиі талқыланатын мәселе – «Жаңа Конституция тек биліктің ғана мүддесін көздеп отырған жоқ па? Қарапайым адамдардың мүддесі ескерусіз қалған жоқ па?» деген сауалға нақты жауап берді.

«Бұл сұраққа да сенімді түрде жауап бере аламыз. Жаңа Конституция ең алдымен адамдардың мүддесі, құқықтары мен бостандықтарын бірінші орынға қояды. 1995 жылы қабылданған қолданыстағы Конституция негізінен мемлекет мүддесі мен өкілеттігін қамтыған болса, жаңа Ата Заң ел дамуының адами өлшемін енгізді. Сол үшін адам құқықтары негізгі басымдық ретінде айқындалды. Жаңа Ата заңда «адам» деген сөз қазіргі Конституциямен салыстырғанда 1,5 есе көп қолданылған, яғни, 76 рет аталған. Бұл да жайдан жай емес. Мәселе қайта-қайта аталуында емес, мәселе – көптеген нормаларда адамның мүддесі, адамның құқықтары қамтамасыз етілген», – деді Мемлекеттік кеңесші.

Бұл жәйт жаңа Конституцияның қарапайым адамдардың мүддесіне бағытталғанын көрсетеді. Себебі, мемлекеттің басты қазынасы да, тірегі де – оның азаматтары, деп түйіндеді Ерлан Қарин.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жабық кабинетте емес, елдің көзінше жазылды: Ерлан Қарин жаңа Конституцияны әзірлеудің ерекшелігін атады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Туризм және спорт министрлігінде жалпыұлттық коалиция өкілдерімен кездесу өтті

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.