Еуропалық Porschist журналы Қазақстан туралы арнайы шығарылымда Алматыны таныстырды – Altyalash.kz
Tuesday, March 3, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Еуропалық Porschist журналы Қазақстан туралы арнайы шығарылымда Алматыны таныстырды

02.03.2026
0
Еуропалық Porschist журналы Қазақстан туралы арнайы шығарылымда Алматыны таныстырды

Еуропада бельгиялық Porschist журналының Қазақстанға арналған арнайы саны жарық көрді. Басылымда еліміздің бес қаласы – Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Байқоңыр таныстырылған. Әрқайсысы өзіндік тарихы мен сәулеттік келбеті, мәдени ерекшелігі арқылы дербес туристік бағыт ретінде сипатталған. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Журналда Алматы Іле Алатауының баурайындағы табиғат пен заманауи урбанистік кеңістікті үйлестірген қарқынды дамып келе жатқан мегаполис ретінде көрсетілген. Редакция кеңестік модернизмнен бастап қазіргі қоғамдық кеңістіктерге дейінгі сәулет эволюциясына назар аударып, қаланың гастрономиялық мәдениеті мен креативті индустриясының дамуын да атап өтеді.

Басылымда Республика алаңы мен Тәуелсіздік монументі, Вознесенский кафедралды соборы, Көктөбе сияқты көрнекті орындар кеңінен таныстырылған. Сонымен қатар испан мүсіншісі Жауме Пленсаның «Надэс» атты мүсіні де назардан тыс қалмаған.

Алматыдағы түсірілім жұмыстары 2025 жылы жазда өтті. Ұйымдастырушылық қолдау мен локацияларды үйлестіруді Almaty Tourism Bureau қамтамасыз етті.

Porschist – 20 жылдан астам тарихы бар, халықаралық аудиториясы қалыптасқан еуропалық баспа журналы әрі онлайн платформа. Әр саны белгілі бір елге арналып, оны сәулет, мәдениет, табиғи ландшафт және өмір салты арқылы таныстырады.

Арнайы шығарылым Қазақстанның халықаралық медиакеңістіктегі танымалдылығын арттырып, Алматының Орталық Азиядағы заманауи туристік бағыт ретінде ілгерілетуге ықпал етеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алғыс айту күні — бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалған аға буын мен қазақ жеріне деген шынайы алғыс айтатын мереке

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АЛТЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.