Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Балалардың онлайн-қауіпсіздігі – олардың бүгінгі және болашақтағы құқықтарын қорғау

Цифрлық орта балаларға білім алу мен даму үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, сонымен қатар жеке деректерді заңсыз пайдаланудан бастап, онлайн зорлық-зомбылықтың әртүрлі түрлеріне дейінгі қауіптерді күшейтеді. Жасанды интеллект пен генеративті технологиялардың дамуы қосымша қиындықтар туғызады, сондықтан балалардың жеке деректерін қорғаудың ерекше маңызы бар.

ЮНИСЕФ мемлекеттік органдармен ынтымақтаса отырып және сараптамалық өзара іс-қимыл шеңберінде Конституция жобасына, әсіресе балалар мен балалық шаққа қатысты мәселелрге өз талдауы мен түсініктемелерін ұсынды.

Конституция – елдің Негізгі Заңы және балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау үшін құқықтық негіз қалайды. Бұл Қазақстанда кім болғанына және қай жерде тұратынына қарамастан, әрбір бала үшін маңызды.

Жаңа Конституция жобасында цифрлық дәуірді ескере отырып, жеке деректерді қорғау күшейтілген және нақтыланған, бұл балаларды онлайн қорғау үшін ерекше маңызды.

Онлайн-кеңістік әрбір бала үшін қауіпсіз болуы керек. Бала құқықтары интернет басталған жерде аяқталмайды.

ЮНИСЕФ әрбір баланың мүддесі үшін құқықтық ортаны нығайтуға бағытталған күш-жігерді қолдауды жалғастырады.

Ұқсас жаңалықтар

«Үш ай қатарынан 100 аударымнан болу керек». Мобильді аударымдар қандай жағдайда тексеріледі?

admin_altyalash

Екі ұлым Қазақстанға екі алтын алып келеді деп үміттенемін – Рахат Оралбай

admin_altyalash

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының Пленарлық сессиясында сөз сөйледі

admin_altyalash