Қазақстан мен University of Arizona арасындағы стратегиялық серіктестік АҚШ-та таныстырылды – Altyalash.kz
Thursday, March 5, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Қазақстан мен University of Arizona арасындағы стратегиялық серіктестік АҚШ-та таныстырылды

04.03.2026
0
Қазақстан мен University of Arizona арасындағы стратегиялық серіктестік АҚШ-та таныстырылды

Финикс қаласында (АҚШ) 35-ші Ambassadors’ Ball дипломатиялық қайырымдылық балы өтті. Іс-шара аясында Қазақстан құрметті қонақ мәртебесінде ұсынылды. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл дәстүрлі бал дипломатиялық корпус өкілдерін, бизнес қауымдастығын, академиялық ортаны және қоғамдық ұйымдарды біріктіреді. Іс-шара халықаралық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ білім беру және мәдени бастамаларды қолдауға бағытталған.

Биылғы жылы аталған алаң Қазақстан мен University of Arizona арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту тұрғысынан ерекше маңызға ие болды. Іс-шараға қатысу жоғары білім мен ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін және оның тұрақты серпінін айқындады.

Шараға ҚР АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мағжан Ілиясов қатысты. Ол өз сөзінде мемлекетаралық байланыстарды нығайтудағы мәдени дипломатияның айрықша рөлін атап өтіп, ұзақмерзімді әрі өзара тиімді серіктестіктің берік негізі дәл гуманитарлық және білім беру саласындағы ықпалдастық арқылы қалыптасатынын жеткізді.

University of Arizona президенті Суреш Гаримелла Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобаның жоғары мәртебесін көпшілік алдында растады. Оның айтуынша, Петропавл қаласындағы университеттің микрокампусы табысты білім беру бастамасы ғана емес, сонымен қатар терең халықаралық интеграцияның үлгісіне айналды. Ол Қазақстан осындай ауқымдағы стратегиялық серіктестікті жолға қойған алғашқы шетелдік жоғары оқу орны ретінде университет үшін бұл ынтымақтастықтың ерекше маңызға ие екенін және бүгінгі таңда оның кемелденген, көпсалалы кооперация деңгейіне көтерілгенін атап өтті.

Қол жеткізілген нәтижелердің негізінде Қазақстанның солтүстік өңірінде заманауи академиялық және зерттеу орталығын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыс жатыр. Қазіргі уақытта қос диплом бағдарламалары бойынша 360 студент білім алады. Кампус қазақстандық жастармен қатар АҚШ, Қытай, Моңғолия және Ресейден келген студенттерді де тартады. Алдағы уақытта бизнесті басқарудың жаңа білім беру бағдарламасын іске қосу, сондай-ақ алғашқы түлектер легін шығару жоспарланған.

Серіктестік академиялық алмасу шеңберінен шығып, ауқымды ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру алаңына айналды. Бірлескен ғылыми зерттеулер стратегиялық маңызды бағыттарды – ауыл шаруашылығы мен су ресурстарын басқаруды, геномика мен селекцияны, қосылған құны жоғары өнімді жасай отырып, шикізатты терең өңдеуді қамтиды. Күкіртті полимерлеу бойынша бірлескен жоба – соның айқын мысалдарының бірі. Сонымен қатар ынтымақтастық инклюзивті білім беру, орнықты туризм және экология салаларындағы зерттеулерді де қамтиды.

Қос диплом бағдарламалары аясында алғашқы 29 қазақстандық студенттің университеттің Тусон қаласындағы (АҚШ) бас кампусында білім алуы серіктестіктің маңызды кезеңі болды. Сондай-ақ оқытушылар «Болашақ» халықаралық бағдарламасы мен Fulbright Program аясында АҚШ-та біліктілігін арттырады. Бұл академиялық байланыстарды нығайтуға және озық білім беру тәжірибелерін трансферттеуге мүмкіндік береді.

Петропавл қаласындағы микрокампус жобасы – жоғары білімді интернационалдандыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүйелі түрде іске асырудың айқын үлгісі. Жоба халықаралық интеграцияға бағытталған стратегиялық саясаттың жаңа буын кадрларын даярлаудан бастап, елдің экономикалық және технологиялық дамуына елеулі ықпал ете алатын бірлескен ғылыми әзірлемелерді іске қосуға дейін нақты нәтижелерге ұласқанын көрсетеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Даналық мектебі» клубы отбасы мен мектеп серіктестігін нығайтуда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЖАСТАР ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.