«SARAP» отырысында жаңа Конституция жобасындағы әлеуметтік кепілдіктер мәселесі талқыланды – Altyalash.kz
Thursday, March 5, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«SARAP» отырысында жаңа Конституция жобасындағы әлеуметтік кепілдіктер мәселесі талқыланды

04.03.2026
0
«SARAP» отырысында жаңа Конституция жобасындағы әлеуметтік кепілдіктер мәселесі талқыланды

Бүгін, Астанада «Конституция қоғамдық келісім ретінде: әлеуметтік кепілдіктер теңгерімі мен азаматтардың талап-тілегі» атты «SARAP» эксперттік клубының отырысы өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды.

Кездесу республикалық референдумға ұсынылатын Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған қоғамдық диалог аясында ұйымдастырылды. Сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен әлеуметтанушылар ұсынылып отырған реформалардың халықтың әділдік, қауіпсіздік және тұрақтылыққа қатысты сұраныстарына қаншалықты сәйкес келетінін талқылады.

Модератор – Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова жаңа Конституция жобасында азаматтардың білім алу, денсаулық сақтау құқықтарын, сондай-ақ экономикалық және мәдени кепілдіктерді қамтитын әлеуметтік нормалардың кеңейтілген блогы қарастырылғанын атап өтті. Оның айтуынша, Институттың мониторингтік зерттеулерінің деректері елдегі әлеуметтік көңіл күй деңгейінің тұрақты екенін көрсетеді: азаматтардың 80%-дан астамы өз өміріне көңілі толатынын білдірсе, жартысынан көбі оның жақсаратынына үміт артады. Одан бөлек, экономикалық қауіпсіздікке деген жоғары сұраныс сақталып отыр: халықты бағаның өсуі, жинақ жасау мүмкіндіктерінің шектеулігі және қарыз жүктемесі алаңдатады.

«Мұндай жағдайда Конституциядағы әлеуметтік нормалар қоғам үшін жай ғана абстрактілі тұжырымдар емес, отбасының және күнделікті өмірдің тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды тірек ретінде қабылданады. Сондықтан Ата заң жобасын талқылағанда нақты қоғамдық көңіл күйді ескеріп, әлеуметтік кепілдіктер мен жүйенің орнықтылығы арасындағы тепе-теңдікті сақтау аса маңызды», – деді Жұлдызай Ысқақова.

ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Қалтаева ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтарын конституциялық деңгейде бекіту мәселесін қозғады.

«Жаңа Конституция жобасында Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені бекітілген. Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылықтар ретінде айқындалды. Бұл әлеуметтік саясаттың жеке тұлғаны қорғауға және оның жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталатынын білдіреді. Осылайша, әлеуметтік сала қосалқы немесе екінші кезектегі бағыт емес, мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде қарастырылады», – деді спикер.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры Серік Беркамалов еңбек құқықтарын қорғаудың жаңа стандарттарына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, Жаңа Конституцияға жаңа қағидаттар енгізілген: халықтың әл-ауқатын арттыру, еңбексүйгіштік құндылықтарын бекіту, адам капиталы мен білім-ғылымды дамыту. Әлеуметтік саясат тек минималды қолдаумен шектелмей, азаматтардың өмір сапасын шын мәнінде жақсартуды көздейді.

Денсаулық сақтау саласының сарапшысы Марат Мамаев ұсынылып отырған өзгерістер денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

«Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік болмысын өзгертпейді. Ол конституциялық норманы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың іс жүзінде қалыптасқан моделіне сәйкестендіреді. Бұл – неғұрлым әділ, тұрақты және институционалдық тұрғыдан жетілген жүйеге жасалған қадам. Әлеуметтік мемлекет дегеніміз «бәрі тегін болады» деген уәде емес. Бұл – кепілдендірілген қолжетімділік, ортақ қаржыландыру және ұзақ мерзімді тұрақтылық», – деді сарапшы.

Білім беру мәселелеріне осы саладағы сарапшы, PhD Мадина Тыныбаева тоқталып, Конституция жобасында орта білім алуға кепілдік бекітілгенін атап өтті. Сонымен қатар «тегін білім беру» деген тұжырым «азаматтар төлемейтін білім беру» ретінде нақтыланған. Бұл халықтың қаржылық жүктемеден босатылатынын көрсетіп, білім беру қызметтеріне тең қолжетімділік пен олардың сапасын қамтамасыз етуге басымдық берілетінін айқындайды.

Экономист, Tengenomika телеграм-арнасының авторы Руслан Сұлтанов өз сөзінде экономикалық даму мен әлеуметтік кепілдіктердің өзара байланысына назар аударып, халықтың әл-ауқатының тұрақты өсуі тікелей адам капиталының дамуына байланысты екенін айтты.

Отырыс барысында қатысушылар қоғам үшін маңызы зор құндылықтар ретінде әділеттілікті, әлеуметтік қауіпсіздікті және конституциялық кепілдіктерді жүзеге асырудың айқын тетіктерін атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, қоғамдық келісімді нығайтуға және әлеуметтік кепілдіктер жүйесінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған реформалар – даму жолындағы міндетті кезең. Қатысушылар мұндай өзгерістердің сәтті болуы тәуекелдерді уақытылы бағалауға және құқықтық нормаларды сапалы қолдануға байланысты деген қорытындыға келді.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының

баспасөз қызметі

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ШЫМКЕНТТЕ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын эвакуациялау

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.