Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетРуханият

Астанада Серік Тұрғынбекұлының 80 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кездесу өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Өмірге өлең керек» атты шығармашылық кездесу өтті.

Іс- шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысты.

Іс-шара барысында ақын Қалқаман Сарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің құттықтау хатын оқыды. Сонымен қатар Қазақстан Жазушылар одағы төрағасы Мереке Құлкеновтің құттықтау хаты оқылды.

Кеш барысында ақын өлеңдеріне жазылған әндер орындалып, жыр оқылды, қаламгер шығармашылығына арналған естеліктер айтылды.  Қатысушылар ақынның шығармашылық жолына тоқталып, оның ұлттық әдебиетке қосқан үлесін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Көпбалалы отбасы балалары арнайы квотамен оқуға түсе алады

admin_altyalash

ҚР Ұлттық кітапханасында ұлттық библиографияға арналған халықаралық конференция өтті

admin_altyalash

Компанияның басты мақсаты — өңірді экологиялық таза әрі сапалы балық өнімдерімен қамтамасыз ету

admin_altyalash