Әліппенің мақсаты – қара таныту, яғни оқуға және жазуға үйрету – Altyalash.kz
Friday, March 6, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Әліппенің мақсаты – қара таныту, яғни оқуға және жазуға үйрету

05.03.2026
0
Әліппенің мақсаты – қара таныту, яғни оқуға және жазуға үйрету

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызына

Көшірмесі:

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бұқаралық ақпарат құралдарына

АШЫҚ ХАТ

Әліппенің мақсаты – қара таныту, яғни оқуға және жазуға үйрету. Ал Ана тілі тыңдалым мен айтылым дағдылары арқылы баланың дүниетанымын қалыптастырып, оның өз ойын еркін жеткізуіне, еңбексүйгіштікке, туған жер мен табиғатты сүюге, ұлттық мәдениет пен құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейтін пән болуы керек. Екі пән жыл басынан қатар басталып, жыл бойына қатар жүріп отыру керек. Әліппемен сауатын ашса, Ана тілі пәні арқылы баланың коммуникативтік тыңдалым, айтылым дағдысы дамиды. Сол себепті әр пәннің мақсат-міндетін дұрыс айқындап алу жөн. Екеуінің мақсаты – екі түрлі. Қазіргі оқу жүйесінде Әліппе мен Ана тілі пәндерінің біріктірілуі, оған Қазақ тілінің кіріктірілуі – ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негізсіз.

Бастауыш мектепте бала хат танып, қоршаған ортаны, айналасын танып, дұрыс сөйлеп, сауатты жаза алуын жетілдіруі керек. Бүгінде көп айтылып жүрген функционалды сауаттылық тұрғысынан айтсақ, алдағы өміріне, болашағына керек білім алулары керек. Ондай білімді беретін сауат ашу құралы – Әліппе, одан әрі жазу, оқу жүйесін қалыптастыратын пән – Қазақ тілі, сөйлеу дағдысын дамытатын пән – Ана тілі. Өкінішке қарай, бұл пәндер Кеңес кезіндегі жүйенің ізімен әлі де біріктіріліп, кіріктіріліп оқытылып жүр. Бұл – мүлдем қате.

Әліппенің екінші жартыжылдықтағы заңды жалғасы – Қазақ тілі. Әліппе бірінші жартыжылдықта аяқталып, әріпті толық танып, оқи алу, оқығанды жаза алу қабілеті қалыптасқан оқушы әрі қарай мәнерлеп оқи бастайтын, жазуды нормалай түсетін Қазақ тіліне қадам басуы керек. Ана тілі пәні бір жыл бойы жеке пән ретінде өтіліп, оқушының тыңдалым мен айтылым қабілетін дамытып, екінші жартыжылдықтан бастап оқылым, жазылым дағдысы арқылы да сөздік қорын молайтып, оқығанын мазмұндай алатын дағды қалыптастыруы керек. Екінші сыныптан бастап Әдебиеттік оқу пәніне жалғасады.

Қазақ мектебінде тіл мен әдебиет жеке-жеке пән болғанымен бірінші сыныпта кіріктіріліп оқытылғаны ақылға сыйымсыз (Әліппе+Ана тілі)

Ұлт ұстазы Ақымет Байтұрсынұлы бастауыштағы білімді керек білім, керек болғанда бәріне тегіс керек білім дейді. Осыны ұстанған Жапон елі бірінші сынып оқушысына бір оқу жылында 850 сағат уақыт белгілеген. Соның 306 сағаты жапон тіліне, 136 сағаты математикаға арналады. Яғни бастауыштағы басты мақсат – балаға алдымен ана тілін толық игерту мен логикалық ойлауды қалыптастыру. Қалған сағаттар музыка, бейнелеу өнері, еңбекке баулу мен өмір сүру негіздеріне бағытталады. Бұл – ұлттық таным мен қабілетті қатар өрбітуге құрылған тұтас жүйе.

Ал біз Әліппе, Ана тілі, Қазақ тілі деген үш пәнді бір пәннің сағатына біріктіріп, кіріктіріп отырмыз. Кезінде қазақ мектебінің бірінші сыныбына әліппе/ана тілі (қазақ тілі) математика, дүниетану, жаратылыстану, көркем еңбек, ағылшын, орыс тілі, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, музыка, цифрлық сауаттылық деген 12 пәнді оқытқан күндеріміз де болған. Мұның қате екенін түсініп, бірінші сыныпта оқытылатын пәндерді түзеген болдық, бірақ әлі де артық пәндер бар. Бүгінгі бастауыштағы пәндердің кестесі:

№Пән атауы/сынып1234
1Әліппе/Ана тілі196–––
2Қазақ тілі–136136136
3Әдебиеттік оқу–102102102
4Орыс тілі–686868
5Шет тілі––6868
6Математика136136170170
7Цифрлық сауаттылық17343434
8Жаратылыстану34343434
9Дүниетану34343434
10Еңбекке баулу34343434
11Музыка34343434
12Бейнелеу өнері34343434
13Дене шынықтыру102102102102
14Таңдау пәні34683434
 Барлық сағат саны663816884884

Кеше бірінші сыныптан бастап оқытылып жатқан шет тілдерінің бірін (орыс тілін) екінші сыныпқа, бірін (ағылшын тілін) үшінші сыныпқа шегеріп қойдық.

Осының ғылыми негізі бар ма? Жоқ. Осында стратегия бар ма? Жоқ. Тек маневр ғана бар. Неге олай екенін бағдарлама әзірлеушілердің ешқайсысы негіздеп бере алмайды. Қанша жыл негізсіз үш тануды оқыдық. Өзін-өзі тануды алып тастағанымызбен, жаратылыстану мен дүниетануды оқытуды бірінші сыныптан бастап оқытып келеміз. Екеуін біріктірсе де ештеңе өзгермейді, бірінші және екінші сыныпта оқытпаса да болады. Ең керек пән – әліппе, ана тілі, қазақ тілін біріктіргенше, осындай кейіндеу оқытылуы тиіс пәндерді біріктіру керек немесе бастауыштан мүлдем алып тастау керек. Кеңес кезінде Табиғат тану деген пәнді 4- сыныптан бастап оқитынбыз. Бірінші сыныптың баласы дүниетану мен жаратылыстанудың айырмасын әлі парықтай да алмайды. Біз үлгі қылып отырған жапондарда ондай жаратылыстану деген пән бастауыштың бірінші, екінші сыныбында оқытылмайды. Сондай-ақ оның егізі дүниетану деген пән мүлдем жоқ екен. Біз мұндай пәнді ойдан шығарып алғанбыз-ау…

Жапондар оқытатын пәндерінің кестесі:

№Пән атауы/Сынып123456
1Жапон тілі306315245245175175
2Қоғам––7090100105
3Математика136175175175175175
4Жаратылыстану––90105105105
5Өмір дағдылары102105––––
6Музыка687060605050
7Көркем еңбек687060605050
8Отбасы/үй шаруашылығы––––6055
9Дене шынықтыру1021051051059090
10Этика (адамгершілік пәні)343535353535
11Тәрбие сағаты343535353535
12Кешенді зерттеу  70707070
13Шет тіліне дайындық––3535––
14Шет тілі––––7070
Барлық сағат саны850910980101510151015

Жапондарда бірінші сыныпта сегіз-ақ пән. Ал бізде он пән. Ал бөлінген жалпы сағат – 663. Ал жапондарда – 850. Бізде пән көп, сағат аз, ал жапондарда сағат көп, пән аз.

Туысқан Әзірбайжан елінде бастауыш мектеп 5 сыныптық жүйемен оқытылады. Олардың білім беру жүйесіне зер салайық:

№Пәннің атауыIIIIIIIVV
1Әзербайжан тілі288324324324180
2Әдебиет–––7272
3Шетел тілі3636363672
4Екінші шетел тілі––––36
5Математика180180180180180
6Информатика3636363636
7Әзербайжан тарихы––––72
8Табиғаттану––––72
9Өмір туралы білім36367272–
10Технология3636727236
11Бейнелеу өнері3636363636
12Музыка3636363636
13Дене шынықтыру7272727272
Барлығы756792864936900

Әзірбайжанда бірінші сыныпта әліппе емес, бірден әзірбайжан тілін оқиды. Оларда бірінші сыныпта тілді оқытуға біздегі Әліппе мен Ана тіліне бөлінген сағат санынан екі есе көп уақыт бөледі. Бір аптада бірінші сынып оқушысы 8 сағат әзірбайжан тілін оқыса, екінші, үшінші, төртінші сыныпта бір аптаның 9 сағатын әзірбайжан тіліне арнайды. Байқасақ, бастауыш мектепте тілді оқытуға жапондардан да көп сағат бөледі екен. Сондай-ақ оларда орыс тілі деген жеке пән мүлдем жоқ. Ал шет тілі пәні аз сағатпен тыңдалым-айтылым дағдысы арқылы ғана оқытылады.

Жапондардың пән саны ұлт ұстазы Ақымет Байтұрсынұлының ұсынған пән санымен жуықтас: жапондарда сегіз, Ақаңда тоғыз. Оқу мен жазуды біріктірсе, Ақаңда да сегіз. Әзірбайжандарда 9 пән.

№Біздегі 1-сыныпА.Байтұрсынұлының ұсынған пәндеріЖапониядағы 1- сыныпӘзірбайжандағы 1-сынып
1Әліппе/Ана тіліОқу/ЖазуЖапон тіліӘзірбайжан тілі
2МатематикаЕсепМатематикаМатематика
3Цифрлық сауаттылықҰлт тіліТәрбие сағатыИнформатика
4ДүниетануҰлт тарихыӨмір дағдыларыӨмір                  туралы білім
5МузыкаДінМузыкаМузыка
6ЖаратылыстануЖағрапияЭтика (адамгершілік пәні)Шетел тілі
7Еңбекке баулуШаруа-кәсіпКөркем еңбекТехнология
8Дене шынықтыруЖаратылыс жайлыДене шынықтыруДене шынықтыру
9Бейнелеу өнері  Бейнелеу өнері
10Таңдау пәні   

Біз ұлт ұстазын былай деген, былай деген деп көп үлгілейміз, бірақ айтқанын істемейміз. Бастауыш мектепте нені, кімге, қалай оқытудың стратегиясы жоқ. Анадан ананы, мынадан мынаны алып құралған. Керек (функционалдық сауаттылықты көтеретін) пәндер кіріктіріліп, бірінші сыныпта оқытылмауы керек қосымша пәндер қаптаған.

Балам дейтін жұрт болмаса, ертең жұртым дейтін баланы қайдан таппақпыз?! Бастауыштағы білім мазмұны ғылыми-әдістемелік жағынан негізделген ұлттық арнаға түсуі керек.

Біз, ғалымдар, осы қисық бағдарлама авторларымен ғылыми дискурсқа түсуге, мәселені талқылап, турасына жетуге әзірміз.

Қол қоюшылар:

  1. Ерден ҚАЖЫБЕК – “Qazaq Tili Halıqaralıq Akademiyası”- ның президенті, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор.
  2. Аман АБАСИЛОВ – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік

университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, социолингвист-ғалым.

  • Жайна САТКЕНОВА – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінің Деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, профессор.
  • Алтынай АСҚАРОВА – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу         институтының        бөлім              басшысы,                         филология              ғылымдарының кандидаты.
  • Байынқол ҚАЛИЕВ – филология ғылымдарының докторы, профессор.
  • Өмірхан АБДИМАН – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы.
  • Бижомарт ҚАПАЛБЕК – «Қазақ тілі» мектеп оқулықтарының авторы,

“Абай мектептерінің” 5-9 және 10-11-сыныптарына арналған “Қазақ тілі” оқу пәнінен үлгілік оқу бағдарламасының авторы, филология ғылымдарының кандидаты.

  • Қаламқас ҚАЛЫБАЕВА – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.
  • Сая ИТЕҒҰЛ – филология ғылымдарының кандидаты, фольклортанушы.
  • Болат БОРАНБАЙ – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты.
  • Алтынай ТЫМБОЛ – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.
  • Береке ЖҰМАҚАЕВА – Сүлеймен Демирел университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты.
  • Салтанат ИМАНҚҰЛОВА – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
  • Молдабек ҚҰЛАХМЕТ – Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
  • Рабиға КЕНЖЕБЕКОВА – Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі, «Ж.А.Тәшенов атындағы университет» АҚ, профессор.
  • Айгүл ІСМАҚОВА – Назарбаев университетінің профессоры, алаштанушы-ғалым, әдебиеттанушы.
  • Нұрлыбек САМАТҰЛЫ – Республикалық “Таң-Шолпан” әдеби-көркем, көпшілік журналының бас редакторы, жазушы, “Құрмет” орденінің иегері.
  • Анар САЛҚЫНБАЙ – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университенінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.
  • Бекен САҒЫНДЫҚҰЛЫ – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы.
  • Әлима САБЫРОВА – қазақ тілі оқытушысы, жеке кәсіпкер.
  • Айгүл ШЫНЫБЕКОВА – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының асс.- профессоры.
  • Қайрат ҒАБИТХАНҰЛЫ – Абылайхан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты.
  • Қуантқан ВАНОВ – Тіл жанашыры, математик ғалым, педагог, әуесқой композитор.
  • Орынай ЖҰБАЙ – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университенінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.
  • Құсман ШАЛАБАЕВ – Әлемдік «Ұлы қазақ» бірлестігінің президенті, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің Мәдени саясат комиссиясының төрағасы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  • Құралай МУХАМАДИ – С.Демирел атындағы университеті «Тілдік білім беру» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы.
  • Сәуле ЖУСАНБАЕВА – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің А. Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының                                                                                      асс.- профессоры.
  • Жәмила ОТАРБЕКОВА – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты.
  • Мейрамгүл НҮСҮПБЕК – қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер, зейнеткер ұстаз.
  • Әбдіжәлел АҚКӨЗОВ – Жұмабек Тәшенов атындағы университет, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
  • Шохан ШОРТАНБАЙ – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы.
  • Назым ТӨЛЕЕВА – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы.
  • Жанат СӘРСЕНБАЙ – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының PhD докторы.
  • Назгүл ІЛИЯС – Мемлекеттік тілді дамыту институтының ғылыми қызметкері, PhD доктор.
  • Тілеулес БАЙҚОЖАЕВА – ҒЗИ колледжі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
  • Айгерім ҚОЖАХМЕТ – Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкері, PhD доктор.
  • Арайлым КАЛЕНБЕКОВА – «Bilim innovation group» ЖШС-нің ғылыми қызметкері.
  • Назира ДОСАН – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты,    А.               Байтұрсынұлы              атындағы Қазақ                 тіл              білімі   кафедрасының оқытушысы.
  • Тоғжан ҚҰЛЫНТАЕВА – А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының аға оқытушысы, PhD доктор.
  • Нұрасила АТАХАНОВА – әл -Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты.
  • Майра ТУРКБЕНБАЕВА – «Qazaq Tili Halıqaralıq Akademiyası» үкіметтік емес, коммерциялық емес мекемесінің ғылыми қызметкері.
  • Бижан БЕГАЛАЕВ – Астана қаласы әкімдігінің Шейх Халифа бен Заид әл

Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейінің мұғалімі, педагог-модератор.

  • Арай НЕСІПБЕКОВА – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің докторанты.
  • Аружан   МАХАНБЕТҚЫЗЫ   –   «Qazaq  Tili   Halıqaralıq                Akademiyası» үкіметтік емес, коммерциялық емес мекемесінің ғылыми қызметкері.
  • Алия ШОХАНОВА – Астана қаласы әкімдігінің Ш.Айманов атындағы №20 мектебінің мұғалімі, педагог-сарапшы.
  • Әсет ШОХАНОВ – Астана қаласы әкімдігінің Ш.Айманов атындағы №20 мектебінің мұғалімі, педагог-модератор.
  • Мөлдір АМАНТАЙ – «Qazaq Tili Halıqaralıq Akademiyası» үкіметтік емес, коммерциялық емес мекемесінің ғылыми қызметкері.
  • Мархабат ЖОШЫБАЕВА – Алматы қаласы 148 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер.
  • Гүлбану ҚҰЛПЕЙІСОВА – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы.
  • Дариға ЖАНТӨРЕЕВА – «Bilim innovation group» ЖШС-нің ғылыми қызметкері.
  • Мәдина ИСЕНБАЙ – Мемлекеттік тілді дамыту институтының ғылыми қызметкер.
  • Қанат МЕДЕТБЕКОВ – қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы, зейнеткер ұстаз.
  • Серік ЕРҒАЛИ – Сингевит жазу жүйесінің авторы, лингвист,

мәдениеттанушы,    Л.Н.Гумилев   атындағы   Еуразия    Ұлттық                               университетінің докторанты.

  • Әлия   АЛПЫСБАЙ   –   «Bilim   innovation   group»   ЖШС-нің           ғылыми қызметкері.
  • Алмажан ҚАДЫРХАН – Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық

ғылыми-практикалық орталығының аға ғылыми қызметкері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің докторанты.

  • Ақерке САМАРХАНОВА – Мемлекеттік тілді дамыту институтының ғылыми қызметкері.
  • Нұржан СЕЙСЕНБЕК – Мемлекеттік тілді дамыту институтының

директоры,    Л.Н.Гумилев   атындағы   Еуразия    Ұлттық                     университетінің                 PhD докторанты.

  • Салтанат ЖАНТАСОВА – «Қазақ тілі» мектеп оқулықтарының авторы, педагогика ғылымдарының магистранты.
  • Меруерт ШАКЕНОВА – Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкері.
  • Динара МЕЙРАМБЕКҚЫЗЫ – Мемлекеттік тілді дамыту институтының ғылыми қызметкері.
  • Ақтолқын Тұрғымбай – «Bilim innovation group» ЖШС-нің ғылыми қызметкері.
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Инвестиция тарту үшін инфрақұрылымды дамыту: Олжас Бектенов Ақмола облысының индустриялық аймағының жобаларымен танысты

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.