Ант берген ана – Altyalash.kz
Saturday, March 7, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Ант берген ана

06.03.2026
0
Ант берген ана

Әлемді әлдилеген Ана есімі – адамзат үшін ең қасиетті ұғым. Көктем келіп, жер бусанып, бүршік жарған гүлдермен бірге жүректерге жылу ұялайтын шақта әлем болып атап өтетін ең нәзік, ең қастерлі мереке бар. Ол – 8 наурыз, алтын құрсақтан тіршіліктің шырағын жаққан арулар мен аналардың мейрамы. Бүгінде нәзік жандар отбасының берекесін кіргізумен қатар, қоғамның барлық саласында иық тіресе қызмет етіп келеді. Олар – парасатты саясаткер, білікті дәрігер, ардақты ұстаз және Отан алдындағы антына адал жауынгер.

Әйел затының бойындағы төзімділік пен нәзіктіктің ұштасуы – адамзат баласын таңғалдырудан талған емес. Қазіргі таңдаҰлттық ұланның қатарында да ел қауіпсіздігіне өз үлесін қосып жүрген әйелдердің қатары аз емес. Ресми деректерге сүйенсек, әскери бөлімдердегі жеке құрамның он пайыздан астамын әйелдер құрайды. Солардың бірі – 6636 әскери бөлімінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің аға маманы, сержант Алтынай Капбасова. Ол – қызметіне адал маман ғана емес, төрт баланы тәрбиелеп отырған ардақты ана.

Алтынай Қайратқызының балалық шағы Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Оразақ ауылында өтті. 1998 жылы мектеп бітірген соң, арман қуып Астана қаласына қоныс аударды. Жоғары білімді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заңгер мамандығы бойынша алды. Алайда өмір жолы оны әскери салаға бағыттап, міне, 24 жылдан бері осы жауапты қызметтің бел ортасында келеді.

Еңбек жолын 2003 жылдың 28 наурызында 5570 әскери бөлімінде құпия бөлімнің аға жазбашы қызметінен бастайды. Кейін 2007 жылы 3660 әскери бөліміне ауысып, ал 2019 жылы 6636 әскери бөліміне тағайындалады. Қазіргі таңда аға маман ретінде құжат айналымының мінсіз жүргізілуіне үлес қосып келеді.

Жеке өмірінде де бақытын тапқан жан. 2007 жылы болашақ жары Азаматпен танысып, 2008 жылы шаңырақ көтерді. Бүгінде берекелі отбасының тірегі, төрт перзенттің аяулы анасы.

Әскери қызмет – тәртіп пен жауапкершілікті талап ететін күрделі сала. Ал осы жауапты міндетті абыроймен атқара жүріп, шаңырақтың берекесін сақтап, бала тәрбиесіне көңіл бөлу – әрбір ана үшін үлкен еңбек. Алтынай үшін отбасы – өмірінің басты құндылығы. Қызметтен тыс уақытта ол бар мейірімі мен қамқорлығын балаларына арнап, олардың тәрбиелігі, білімді болып өсуіне ерекше көңіл бөледі. Ана жүрегіндегі жылу мен қамқорлық оның әр ісінен байқалады.

Тұңғышы Ахат – 16 жаста, IT Step колледжінің бірінші курс студенті. Болашақ программист-дизайнер атануды мақсат етіп, ағылшын және қытай тілдерін меңгеріп жүр. Қызы Інжу – 13 жаста. Ағылшын тілін тереңдетіп оқып, волейбол үйірмесіне қатысады. Ұлы Әмір – 9 жаста, 4-сыныпта білім алады, ағылшын тіліне қызығып, футболды жаны сүйеді. Кенже қызы Іңкәр – 5 жаста, биыл мектеп табалдырығын аттамақ, сурет салуға әуес.

«Демалыс күндері балаларыммен уақыт өткізгенді ерекше жақсы көремін. Бірге ас дайындап, ата-анама барып, отбасы болып бас қосамыз», – дейді Алтынай Қайратқызы.

Қызметте – тиянақты әрі жауапкершілігі жоғары маман, шаңырағында – мейірім мен жылудың шуағы. Ол – әскери бөлімнің сенімді тірегі, отбасының берекесі. Отанға адал қызмет пен аналық мейірімді ұштастыра білген бүгінгі қазақ әйелінің жарқын келбеті.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бұл марапаттар – олардың еңбегіне берілген лайықты құрмет

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстандықтар жаңа Конституция жобасыменалдын ала танысаалады

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.