Семейде 50 отбасы баспаналы болды – Altyalash.kz
Saturday, March 7, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Семейде 50 отбасы баспаналы болды

07.03.2026
0
Семейде 50 отбасы баспаналы болды

Семей қаласында осал топтағы азаматтарға, жетім балаларға және көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды. Шараға облыс әкімі Берік Уәли, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қатысты.

Тұрғындарды баспанамен қамту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылы облыс орталығында барлығы 327 жалға берілетін пәтер сатып алынды. Соның ішінде Құнанбай көшесінде орналасқан «Абай елі» заманауи тұрғын үй кешені «Отбасы банк» АҚ арқылы кезекте тұрған азаматтарға бөлу үшін берілді.

Аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін қуанышты мезетпен құттықтап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Жыл басынан бері тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Ақпан айында Семейдегі Ұшақтар кентінде 26 отбасыға пәтер кілті табысталған болатын. Бүгін тағы 50 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізіп, қуанышқа кенеліп отыр. Бұл баспаналар көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік осал топтарға және жетім балаларға беріліп отыр. Әрбір отбасы үшін өз үйінің болуы – үлкен бақыт, үлкен үміттің бастауы. Биыл жыл соңына дейін 327 Семей тұрғыны баспаналы болады. Бүгінгі пәтер тапсыру рәсіміне, тұрғындардың қуанышын бөлісуге «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова арнайы келіп отыр. Алғыс білдіреміз. Осы тұрғын үйді заманауи талаптарға сай, сапалы етіп салған құрылысшыларға рахмет айтамыз. Жаңа баспаналарыңыз құтты болсын», – деді Берік Уәли.

«Абай Елі» заманауи тұрғын үй кешені 14 қабаттан, 219 пәтерден тұрады. Кешеннің басты ерекшелігі – әрбір үйдің өзіндік атауы мен мазмұндық мәні бар. Яғни, тұрғын үйлер қазақтың ұлы тұлғаларының есімімен аталған. Мәселен, кешендегі үйлерге Абай, Шәкәрім, Мұхтар сияқты қазақ руханиятының көрнекті өкілдерінің есімдері берілген.

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова баспаналы болған тұрғындарды құттықтады.

«Қазіргі таңда «Отбасы банкінің» облысының филиалында 80 157 салымшы бар. Бұл көрсеткіш өңір тұрғындарының баспана мәселесін тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы шешуге белсенді түрде қатысып отырғанын көрсетіп отыр. Бүгін жаңа пәтер кілттерін алған тұрғындарды шын жүректен құттықтаймын. Жаңа баспаналарыңыз әрдайым шаттық пен қуанышқа толы болсын», – деді ол.

Баспаналы болған тұрғындар ризашылықтарын жеткізді.

«11 жыл бойы үй кезегінде тұрып, баспанамызды асыға күттік. Енді міне, жаңа пәтердің кілтін алып отырмыз. Осындай мүмкіндік жасап, халыққа қолдау көрсетіп жатқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Пәтердің іші кең, жарық. Заманауи үлгіде салынған. Осындай мүмкіндік жасап, халыққа қолдау көрсетіп жатқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз», – деді Семей қаласының тұрғыны Олеся Агапитова.

Былтыр Семейдегі Қарағайлы ықшам ауданында 16 мың шаршы метрді құрайтын 3 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін ауданы 11 мың шаршы метр болатын 2 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 360 жалдамалы пәтер сатып алынып, «Отбасы банк» арқылы берілетін болады. Сонымен қатар «Абай жастары» бағдарламасы аясында 40 пәтер берілмек.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстандықтар жаңа Конституция жобасымен алдын ала таныса алады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Адал еңбек еткен адам ғана адал табыс табады – мәслихат депутаты

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.