Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Елордалық дзюдошы Еуропа кубогының қола жүлдегері атанды

Түркияның Анталия қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Халықаралық додаға 21 елден 600-ге жуық спортшы қатысып, екі күн бойы татамиде жүлделі орындар үшін өзара мықтыны анықтады.

Аталған жарыста Астана қаласының спортшысы Қонысбек Шыңғыс (-90 кг) жоғары нәтиже көрсетіп, қола жүлдегер атанды.

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

ҰЛЫТАУ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ КӨМЕК ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛДЫ

admin_altyalash

Заманауи мектеп — балалардың табысты дамуының берік негізі

admin_altyalash

Астанада БАҚ өкілдері мен блогерлерге арналған оқыту семинары өтті

admin_altyalash