Жаңа Конституция адамға бағытталған мемлекеттік басқарудың жаңа философиясын қалыптастырады – Абзал Құспан – Altyalash.kz
Wednesday, March 11, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Жаңа Конституция адамға бағытталған мемлекеттік басқарудың жаңа философиясын қалыптастырады – Абзал Құспан

11.03.2026
0
Жаңа Конституция адамға бағытталған мемлекеттік басқарудың жаңа философиясын қалыптастырады – Абзал Құспан

11 наурыз күні елордада «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: келешекке бағдар» атты сарапшылар алаңы өтті. Іс-шараға Парламент депутаттары, саясаттанушылар, академиялық қауымдастық өкілдері, журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Қатысушылар жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін және орнықты мемлекеттің институционалдық архитектурасын қалыптастыруға бағытталған өзгерістерді талқылады.

Талқылау барысында білімге негізделген қоғамды дамыту, инновацияларды қолдау және азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

«Жаңа Конституция институттары: орнықты мемлекеттің архитектурасы» атты бірінші панельдік сессияда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан сөз сөйлеп, Конституция жобасының азамат құқықтарын қорғау бағытындағы негізгі жаңалықтарына тоқталды.

Депутаттың айтуынша, жаңа Конституция жобасы тек құқықтық құжат қана емес, адамға бағытталған мемлекеттік басқарудың жаңа философиясын қалыптастырады.

«Жаңа Конституцияның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтып, әділетті мемлекет құру. Негізгі заңның преамбуласында адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде белгіленген», – деді Абзал Құспан.

Оның айтуынша, жобада азаматтардың құқықтарын қорғауға ерекше мән берілген. Мемлекет әрбір адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға, жеке өмірінің қол сұғылмауын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар заң алдындағы теңдік қағидасы күшейтіліп, азаматтардың құқықтары бұзылған жағдайда оларды әділ қорғаудың тиімді тетіктері қарастырылған.

Депутат жаңа Конституция жобасындағы маңызды жаңалықтардың бірі – жеке тұлғаны қорғаудың құқықтық кепілдіктерін күшейту екенін атап өтті. Осы мақсатта халықаралық тәжірибеде кеңінен танымал «Миранда қағидасына» ұқсас нормаларды енгізу ұсынылады.

«Бұл қағида бойынша адамды ұстау кезінде оған өзінің негізгі құқықтары түсіндірілуі тиіс. Атап айтқанда, азаматтың үндемеу құқығы, адвокаттың көмегін пайдалану құқығы және қажет болған жағдайда тегін заң көмегін алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі», – деді депутат.

Сонымен қатар жаңа Конституция жобасында адвокатура институтының рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлінген. Адвокатураны Конституция деңгейінде бекіту азаматтардың құқықтарын қорғаудың қосымша кепілдіктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жобада құқықтық суверенитет қағидасына да ерекше назар аударылған. Бұл қағида бойынша Конституция мемлекет аумағындағы ең жоғары заңдық күшке ие болады, ал халықаралық шарттар ұлттық негізгі заңнан жоғары тұрмауы тиіс.

Конституциялық реформаның тағы бір маңызды бағыты – Конституциялық Сот институтын күшейту. Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес, Конституциялық Сот мемлекеттік органдармен қатар азаматтардың да өтініштерін қарай алады. Егер қандай да бір нормативтік құқықтық акт азаматтың конституциялық құқықтарын бұзса, азамат тікелей Конституциялық Сотқа жүгіну мүмкіндігіне ие болады.

Депутаттың пікірінше, жаңа Конституция құқықтық әрі әділетті мемлекет құруға бағытталған маңызды қадам болмақ.

«Конституцияда белгіленген теңдік қағидасына сәйкес, ұлтына, діни нанымына немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық азаматтардың құқықтары бірдей қорғалуы тиіс. Сондықтан жаңа Конституцияның басты мақсаты – әрбір азаматтың өз әлеуетін іске асыруына, жеке табысқа жетуіне және әл-ауқатын арттыруына мүмкіндік беретін әділетті құқықтық жүйе қалыптастыру», – деп түйіндеді Абзал Құспан.

Сарапшылар алаңындағы талқылау конституциялық реформаның тек мемлекеттік институттарды жаңғыртуға ғана емес, сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған құндылықтық негізді қалыптастыруға арналғанын көрсетті.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Атырауда білім беру саласына жасанды интеллект енгізілуде

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Депутат Айдос Сарым: Мемлекет басшысы – жаңа Ата Заңның бастамашысы ғана емес, негізгі авторы

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.